қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
06.02.2019

«Білім беру Альянсы» Консорциумы мүшелерінің жиыны

 

2018 жылдың тамыз айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен, ЮНЕСКО «EDTECH-KZ» Халықаралық білім беру орталығының қолдауымен «Білім беру Альянсы» Консорциумы құрылды. Консорциумның мүшелері Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстық білім басқармалары болды.

 

Консорциумның мақсаты - Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарында заманауи талаптарға сай келетін мектеп мұғалімдерін даярлау. Ол үшін заманауи бәсекелестікке қабілетті, нарық талаптарына сай келетін мұғалім мен педагог болуға ұмтылған мектеп оқушылары мен бірінші курс студенттерінің контингентін қалыптастыру бағытында аймақтық білім беру және педагогикалық жоғары оқу орындарының үйлесімді іс-әрекеттерін талап ету қажет. Қазақстандық мектептердің жоғары сынып оқушыларымен мамандықтар бойынша оқытудағы кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыс тәжірибесі бар.

 

Бұл жұмыстың тұрақты және нәтижелі болуы үшін Абай атындағы ҚазҰПУ «Білім беру Альянсы» Консорциумы мүшелерін облыстық және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшыларын, педагогикалық жоғары оқу орындарының ректорларын,«EDTECH-KZ» Халықаралық білім беру орталығы - ЮНЕСКО Клубы мен Финляндиядан мұғалімдерді дайындау саласы бойынша мамандарды шақырды. Консорциумның мүшелері жаңа буын жас оқытушыларға арналған оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік беретін болашақ бірлескен іс-әрекеттер мен келесі үш жылға арналған жұмыс бағдарламасын анықтайтын болады.

 

«Білім беру Альянсы» Консорциумының жиыны 2019 жылдың 22 ақпаны сағ. 10.00-де Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылыми кеңес залында өтеді.

 

Мекен-жайы: Алматы қ., Жамбыл көш., 25, екінші қабат, акты залы.

 



9

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler