қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.02.2019

«Этносаралық келісім - ұлт бірлігінің негізі» жастар форумы

 

2019 жылдың 16 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жастар жылы» аясында «Этносаралық келісім - ұлт бірлігінің негізі» жастар форумы өтеді.

 

Форумның басты мақсаты - жастар арасында этносаралық келісім мен ұлт бірлігін насихаттау. Шараның арнайы қонақтары Қазақстан Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, Қазақстанның Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралар Қауымдастығының президенті Анатолий Башмаков. Шараға сонымен қатар Алматы қаласының этномәдени бірлестіктері мен университетіміздің профессор-оқытушылары және студент-жастары қатысады.

 

Форум барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы әзірлеген «Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық, этносаралық келісімінің моделі» таңдау пәнінің презентациясы ұсынылады. 

 

Өтетін уақыты: 16 ақпан 2019 ж., басталуы сағат 11.00.

 

Өткізілетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ, бас оқу ғимаратының 225 мәжіліс-залы.


 

 



337

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler