қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
04.11.2016

«ЕЛ БОЛАШАҒЫ ЖАСТАРДА» АТТЫ

СТУДЕНТТІК ҚАТАРҒА ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ

Студенттік өмір адамзаттың ең әдемі де ұмытылмас сәттерінің бірі. Ал соның ішінде, жоғары оқу орнының табалдырығын аттап, студенттік қатарға қабылдану  рәсімі әрбір 1 курс студенттеріне қуаныш сыйлайтын мереке.

 Осындай қуанышты мерекені еліміздің алдынғы қатарлы жоғарғы оқу орыны болып табылатын  Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 1 курс студенттері де басынан өткізді.  

2016 жылдың 14-28 қазан күндері аралығында университетіміздің барлық институттар деңгейінде  студенттері студенттік билет алып, ант қабылдады,  яғни «Студенттік қатарға қабылдау» кеші болып өтті.

Ең алғашқы болып бұл шараны 14 қазан күні Жаратылыстану және география институты бастады. Мерекелік шара «Аragosta» жастар мейрамханасында өтіті. Салтанат барысында өнерпаз студенттер концерттік бағдарлама ұсынып, кеш иелеріне студенттік билет пен білім кілті табысталды. Салтанатты жиында институттың тәрбие ісі жөніндегі  директорының орынбасары Манапов Нұрлан Турсынбекұлы бірінші курс студенттерін үлкен өмірге қадам жасауларымен шын жүректен құттықтап, студенттік өзін-өзі басқару кеңес мүшелеріне және студенттік қатарға қабылдау күнін ұйымдастыруға белсене атсалысқан жастарға «Алғыс хат»  табыстады. 

Келесі кезек Тарих және құқық институтына келді. Институт директоры  Жұмагұлов Болат Сағидоллаұлы құттықтау сөзінде студенттік өмірлерінің қызықты да мәнді өтуіне тілек білдіріп, «Білім басыңызға бедел, босағаңызға бақ әкелетін ұлттық құндылық» деп білімгерлердің алдағы мақсаттарын да атап өтті.  Артынша, дәстүр бойынша студент атанған жастарға «Студенттік билет» пен «Білім кілті» табыс етілді.

Қазанның 18 күні Психология және педагогика институтының бірінші курс жастары ресми түрде студент атанды. Салтанатты шарада алғы сөз алған институттың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Малдыбаев Камиль Бейсекенұлы бұл дәстүрдің студенттер үшін де оқытушылар үшін де маңызды екенін айта келе, студенттік өмірге аттаған жастарды құттықтап, студенттік билет пен «білім кілттерін» табыс етті. Жиналғандарда көтеріңкі көңіл-күй болу үшін, іс-шара кіші-гірім қызықты концерттік бағдарламадан тұрды.

Өнер, мәдениет және спорт институтының бірінші курс жастары 20 қазан күні «ант» қабылдап, ресми түрде студенттік қатарға қосылды. Дәстүрлі шара барысында алғы сөзді институт директоры Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлы алғыс сөздерін білдіріп студенттіп билет пен «білім кілтін» тапсырды. Өнер, мәдениет және спорт институтының талапты да өнерлі жастары түрлі қызықты ойындар мен концерттік бағдарламалар арқылы кешті естен кетпестей әсерлі өткізді. 

Ал, ағымдағы жылдың 21 қазаны күні Сорбонна-Қазақстан институтының жас талапкерлеріне студенттік қатарға қабылдау рәсімі болып өтті. Бұл жолы, бірәншә курс студенттерін жоғары оқу орнына бейімдеп, ынталандыру үшін 4 курс студенттері алғы сөздерін білдіріп, университет табалдырығын енді басқан кешегі мектеп түлектеріне студенттік билет пен «білім кілтін» табыс етті. Думанды кештің көрермендеріне, яғни 1 курс студенті атанған жас жеткіншектерге институттың өнерлі жастары жарасымды әзілдер мен ән-күй арқылы көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді.

Филология және көптілді білім беру институтында студенттік қатарға қабылдау рәсімі 2016 жылдың 27 қазаны күні өтті. Алғы сөзді институт директоры Әбдіғазиұлы Балтабай алып, жастарды дәстүрлі шарамен құттықтап, студенттік билеттер мен символикалық «білім кілтін» табыстады. Қызықты көңіл, студенттік өмір демекші, білімді де дарынды студенттер өз өнерлерін ортаға алып залға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Физика, математика және информатика институты. Бірінші курс студенттерін қатарға қабылдау рәсімі ерекше түрде өтті. Атап айтар болсақ, студенттік өмірге енді қадам басқан жастардың салтанатты рәсімі 1 қазан күні Алма Арасан тау шатқалында, табиғат аясында баянды өтті. Институт директоры Бердышев Әбдімәулен Сүлейменұлы барлық бірінші курс студенттерін бұл естен кетпес салтанатты дәстүрмен құттықтап, жас қырандарға шығармашылық ізденіс пен сәттілік тіледі.Студент атанған жас түлектерге табиғат аясында саяхаттау үлкен әсер беріп, мерекелік шараны одан да көркейте түсті.

Биылғы университетіміздің студенттік қатарға қабылдау рәсімінің жабылу салтанаты, Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасын бұқараға насихаттау мақсатында қала деңгейінде алғаш рет ұйымдастырылған       «Абай көшесі» мерекелік шара аясында өткізіліп, университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы студент атанған жастарға  салтанатты түрде «Студенттік билет» пен «Білім кілтін» тапсырып, белсенділігімен ерекшеленген жастарды арнай «Ағыс хатпен» марапаттады.

Біз, ҚазҰПУ тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты басқармасының ұжымы бірінші курс студенттеріне ақ жол тілейміз!

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар

және жастар саясаты жөніндегі басқармасы



626

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler