қазақша · русский · english
 
ҒИП жанындағы оқу курстары
     
     
    Кескіндеме және сурет

     

    Құрметті бейнелеу өнері, сызу, технология және еңбек мұғалімдері!

    Біліктілікті көтеру және кәсіби білімді арттыру мектеп мұғалімдерін даярлауда оқу үрдісінің ажырамас бір бөлігі. Қазіргі кезде заманауи талапқа сай жаңа технология бойынша кәсіби білім беруде әрдайым біліктілікті көтеру мен кәсіби деңгей талап етіледі. Осыған орай Сіздерді Абай атындағы КазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтында мектеп мұғалімдеріне : «Бейнелеу өнері» және «Көркем еңбек»пәндерінен қайта кәсіби білім беру курсына шақырамыз! Адресіміз: Алматы қаласы, ш.Уәлиханов көшесі, 64 (Төле би көш.қилысы).

    Курстың аталуы:«Бейнелеу өнері» және «Көркем еңбек»мұғалімдерін қайта кәсіби даярлау

    Курстың мақсаты:«Бейнелеу өнері» және «Көркем еңбек» мұғалімдерін жаңа бағдарлама бойынша заманауи технологияларды қолдана отырып көркемсуреттік білім мен эстетикалық тәрбие беру.

    Курстыңміндеттері:

    -     мектепте оқыту нәтижелерінің қазіргі кездегі талаптарын

    талдау;

    -     шығармашылық қабілеттері мен бейнелеу дағдыларын қалыптастыру

    және шеберліктерін дамыту;

    -     кеңiстiк туралы түсiнiктерін, болмысты көркем-бейнелi қабылдауын,

    әртүрлі түстердің үйлесiмдiлiгiне деген сезiмін қалыптастыру;

    -     бейнелеу сауаттылығының негіздеріне үйрету;

    -     көркем-шығармашылық әрекеттің қарапайым түрлерімен жұмыс істеудің

    (затқа қарап сурет салу, тақырып бойынша сурет салу т.б.) практикалық дағдыларын қалыптастыру;

    -     заман талабына сәйкес білім мазмұнын жаңартып, жетілдіру.

     

    Курсты тәжірибелі педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер және магистрлер жүргізеді.

    Курстың бағасы: 20000 тенге

    Оқу мерзімі: 10 күн

    Курс аяқталған соң тыңдаушыларға (72 сағаттық) біліктілігін көтеру туралы сертификат беріледі.

    Сабақ арнайы безендірілген шеберханалар мен жабдықталған дәрістік аудиторияларда өткізіледі.

    Курсты ұйымдастырушылардың байланыс телефондары:

    Өнер, мәдениет және спорт институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Рабилова Зоя Жылгелдіқызы - 87013450337, 87077450337, электронды адресі: zoya.rabilova@mail.ru

     

    Cұраныс міндетті түрде келесі үлгіде қабылданады:

    Аты-жөні (жеке куәлік бойынша)

    Облысы, ауданы, қаласы, мектеп

    Еңбек өтілі, категориясы

    Оқу тілі

    Байланыс телефоны, электронды адресі

     

     

     

     

     

     

    «Бейнелеу өнері» және «Көркем еңбек» мұғалімдерін қайта кәсіби даярлау курсының бағдарламасы

    Курстың мазмұнына «Бейнелеу өнері» және «Көркем еңбек» мұғалімдерініңкәсіби іс-әрекетін дамытуда қажетті көркемсуреттік білімдімеңгеруге негізделген  жаңғыртылған негізгі құзыреттілікті қамтамасыз ететін негізгішартты модульдер енгізілді.

    Модуль - 1

    Бейнелеу өнері тарихы

    Модуль мазмұны

    Сағат саны

     

    Көркем өнердің түрлері мен жанрлары, олардың өмірмен байланысы

     

    8 сағат

    Кескіндеме өнерінің

    негізімен танысу

    Евразиялык контекстегі Қазақстанның көркемдік мәдениеті.

    Қазақстан мәдениетінің ментальдық факторы.

    Петрографтық, мегалиттік және ою-өрнек дәстүрлер. Сақтардың мәдениеті мен өнері. «Хайуандық стиль» семантикасы.

    Көшпенділердің дүниетанымы. Скиф-сақтақ мифология, ғарыш туралы символикалық түсінік.

    Қазақ тұрмысының эстетикасы, эпос және бейнелеу өнері творчествосы.

    Қазіргі замандағы Қазақстан бейнелеу өнері негізгі этаптары дәстүрлер мен жаңашылдығы, творчестволық ізденістер мен Қазақстанның суретшілерінің жетістіктері

    Ұлттық көркем-өнер мектептерінің қалыптасуы.

    Модуль - 2

    Кескіндеме.

    Натюрморт.

    Жұмыс барысында қолданылатын материалдардың ерекшеліктері (бояу,

    қылқалам, тушь, бор, әртүрлі қағаз, жұмсақ және түсті қарындаш, табиғи материалдаржәне оларға қойылатын талаптар.

    16 сағат

    Натюрморт құрастыру өнері, бейнелеудің негізгі заңдылықтары.

    Акварель бояуымен жұмыс істеу ерекшеліктері(техникалық тәсілдері, түс, композиция, пропорция)

    Гуашь бояуымен жұмыс істеу ерекшеліктері(техникалық тәсілдері, түс, композиция, пропорция)

    Майлы бояумен жұмыс істеу ерекшеліктері (техникалық тәсілдері, түс, композиция, пропорция)

    Модуль - 3

    Портрет

     

    Портрет түрлері

    16 сағат

    Портреттің

    кескіндемелік, графикалық, сәндік, мүсіндік шешімі.

    Портрет жасау тәсілдері (қиялы, есте сақтауы, көруі бойынша).

    Модуль - 4

    Композиция

     

    Бейне. Нобай (эскиз) туралыұғым.

    16 сағат

    Бірнешезаттардытік, көлденең, шаршы

    пішінгетоптау. Композициядағы симметрия. Композициядағытепе-теңдік.

    Көпденелі және көпжоспарлы композиция(өлшем, пішін, түс, өң, таңбалардың бір-біріне

    қатыстыорналасуы, амалдардыңүйлесімділігі).

    Композицияныңоқиғалық(сюжеттік) негізі

    Модуль - 5

    Пейзаж

     

    Пейзаждың даму тарихы мен түрлері (кескіндемелік, графикалық, сәндік)

    16 сағат

    Пейзаж жасау әдістері (қиял бойынша, есте сақтау бойынша, көрубойынша).

    Пейзажда жыл мезгілінің

    көрініс табуы (композиция, түстердің үйлесуі

    Пейзаждағы кеңістік. Пейзаждағы сызықтық перспектива.

    Қарапайым табиғат көріністерінен пленэрлік этюд орындау

    Барлығы:

     

    72 сағат

     

     

    1026
     
     
     
     
    Besucherzahler
     
    Besucherzahler