қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
29.01.2019

«Жобалық START» креативті жастардың заманауи жобалары мен идеяларының байқауы

 

2019 жылдың 31 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Алматы қаласының жиырмадан астам ЖОО қатысатын «Жобалық START» креативті жастардың заманауи жобалары мен идеяларының байқауы өтеді.

 

Байқауға университеттердің «ІТ», «Start up», «Ғылыми», «Әлеуметтік» бағыттағы жобалары қорғалады және Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «SMART STUDENTS» Жастар бастамаларын қолдау орталығының салтанатты түрде ашылу рәсімі болады.

 

Өтетін орны: Жамбыл көш., 25 (Уәлиханов көшелерінің қиылысы), №10 Оқу ғимараты; №8 ғимараты (Қазыбек би көшесі, 32); Бас оқу ғимараты, 225 конференц зал (Достық д., Төле би).

 

Жобаның бағдарламасы


 




753

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler