қазақша · русский · english
 
 
 
Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)
 Таубаева Галия Закарьяновна
Дайындық факультетінің деканы
Педагогика ғылым. кандидаты, доцент
galiya_63@bk.ru

 Джунусова Салтанат Маметжанқызы
Дайындық факультетінің декан орынбасары

Абай даңғылы, 56б
 8 747 958 02 13
dzhunusova_s@mail.ru

 Пернебекова Анар Кажденбековна
Инженер

Абай, 56 б
 8 747 316 65 98

 Магнурова Мира Айдаралиевна
Диспетчер

Абай, 56 б
  8 702 853 53 72
magnurov_nusipova@mail.ru

 

ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘНЕ ЖОО ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ (FOUNDATION) ФАКУЛЬТЕТІ ШАҚЫРАДЫ


Бізге келген әрбір түлектің әр - түрлі арманы бар. Біздің мақсатымыз талапкерлерді өздері тандаған армандарына жету жолында лайықты білім беру. Арманын жүзеге асыру үшін талапкерге көп еңбектену қажет. Талапкердің студент болу арманының орындалуына, біздің дайындық (foundation) факультетіміз себепкер бола алады.
Біздің мақсатымыз - мемлекетіміздің кез-келген жоғары оқу орнына түсу үшін, әсіресе болашақ педагогикалық мамандықтарды таңдаған тыңдаушыларға тиімді жағдай жасау!
Біз білім беру ісін ұйымдастыруда, өз тыңдаушыларымыз Ұлттық біріңғай тестілеуден (ҰБТ) немесе кешенді тестілеуден (КТ) межелі сатыдан өтіп қана қоймай, сонымен қатар, жоғары бал жинап мемлекеттік білім беру грант иелері атануына ұмтыламыз.
Дайындық курсы бағдарламасының мазмұны:
Ағылшын тілі: деңгейлі түрде оқыту;
Математика: алгебра, геометрия, тригонометрия, логарифмдер, есептер мен тесттерді шешу;
Орыс тілі: фонетика, лексика, морфология, синтаксис және пунктуация, тесттер;
Қазақ тілі: фонетика, лексика, морфология, синтаксис, пунктуация және тесттер;
Қазақстан тарихы: ежелгі дүниеден қазіргіге дейін, тесттер;
География: материктер географиясы, саяси география, география;
Физика: механика, динамика, кинематика, толқындар, термодинамика, оптика, толқынды оптика, кванттық физика, атом және атомдық ядро физикасы;
Химия: жалпы химия, органикалық және бейорганикалық химия, есептер шығару.
Биология: ботаника, анатомия және адам физиологиясы, жалпы биология;
Тыңдаушыларға дайындық үшін әдістемелік құралдар беріледі;
Курсқа 10-11-сынып түлектері мен орта және арнаулы орта білімі бар түлектер қатыса алады;
Дайындық (foundation) факультеті өз білімдеріңді шыңдауға, ҰБТ пәндері бойынша тереңдетуге мүмкіндік береді. Дайындық (foundation) факультетінде жоғары білікті мамандар сабақ жүргізеді.

Факультеттің мақсаты:
Міндетті білім беру пәндері бойынша білім деңгейін жетілдіру;
Таңдау және бейіндік пәндер бойынша тыңдаушылардың білім деңгейін арттыру;
ҰБТ (КТ) пәндері бойынша білімді жүйелеу, әдістемелерімен таныстыру;
оқуға түсу емтихандарының үрдісіне және жоғары оқу орнында білім алуға педагогикалық және психологиялық тұрғыда бейімдеу;
ағылшын тілін оқыту.
Оқу жүргізіледі:
мемлекеттік және орыс тілдерінде;
орта мектепке арналған білім беру бағдарламалары бойынша;
барлық тестілеу пәндері бойынша.

1. Қазақстан Республикасының азаматтары «foundation» бөліміне түсу үшін, мына тізімдегі құжаттарды қабылдау комиссиясына өткізеді:
1) Университет ректорының атына өтініш;
2) Орта білім, бастапқы кәсіби (техникалық және кәсіби) кәсіби орта (орта білімнен кейінгі) құжатының түп нұсқасы және оның қосымшасы;
3) Жеке куәлік көшірмесі;
4) 3х4 алты фотосуреті;
5) №086-У үлгідегі медициналық анықтама ;
2.Университеттің «foundation» бөліміне түсу үшін азаматтығы жоқ және шетел азаматтары мына тізімдегі құжаттарды өткізеді:
1) Университет ректорының атына өтініш;
2) Орта білім туралы құжаты және қосымшасының нотариальды бекітілген мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы (немесе Қазақстан Республикасын
ың шетелдік мекемесінде бекітілген);
3) Орта білім туралы құжат иегерінің, жеке тұлғаның құжатының көшірмесі
4) 3х4 алты фотосуреті;
Мемлекетаралық келісім шарттардан басқа шетел азаматтарын оқуға қабылдау ақылы түрде жүргізіледі.
Студенттер тұрмыстық жағдайы қолайлы студенттік жатақханада тұрады.

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы 56 «Б»
Байл. тел.: 8(727)392-22-00; +7707 724 93 89; +7 747 316-65-98
.

 

ДҰРЫС ЖОЛДЫ ТАҢДАЙ БІЛЕЙІК!

БӘРІ ӨЗ ҚОЛЫҢДА!


Барлық шетелдіктерді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқуға шақырамыз!

Приглашаем иностранных граждан в Казахский национальный педагогический университет имени Абая!

We invite foreign citizens to the Kazakh National Pedagogical University named after Abai!

 

1196
 
 
 
 
 
Besucherzahler