қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
26.11.2018

«Қазақстан және Орталық Азияда туризмді дамытудың тенденциялары мен келешегі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты «Қазақстан және Орталық Азияда туризмді дамытудың тенденциялары мен келешегі» тақырыбында өтетін Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

 

Конференцияның мақсаты - Қазақстан және Орталық Азияда туризмді дамытудың үрдістері және келешегіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісу және тәжірибе алмасу.

 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары

1. Қазақстан және Орталық Азиядағы туризм инфрақұрылымы:туристік қызмет көрсетуді жетілдіру мәселелері.

2. Қазақстан және Орталық Азиядағы этникалық және сакральды туризм.

3. Экологиялық туризм: даму жағдайы және келешегі.

4. Іскерлік және сауықтыру туризмі.

5. Жібек жолы: «шекарасыз туризм» идеясын дамыту.

6. Туристік білімді дамытудың басты бағыттары.

 

Конференцияны өткізу күні: 14-15 наурыз 2019 ж.

 

Өткізілетін орны: Қазақстан, Алматы қаласы, Достық даңғылы,13.

 

Ақпараттық хат

 



565

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler