қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
17.10.2018

2018 жылдағы Erasmus+ бағдарламасының Ақпараттық күндері

 

Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Еуропалық Комиссияның білім беру, аудиовизуалды және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің қолдауымен Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігімен бірге Erasmus+ бағдарламасының Ақпараттық Күнін өткізеді.

 

Ағымдағы жылы жоғары оқу орындарының көпшілігін қамту үшін ақпараттық күндер екі кезеңде - солтүстік және оңтүстік өңірлер үшін ұйымдастырылады: 25-26 қазан Астанада және 2-3 қарашада Алматыда.

 

Ақпарат күндерінің мақсаты - Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдерін және басқа мүдделі ұйымдардың өкілдерін Эрасмус+ бесінші байқауының талаптары, іріктеу рәсімі, ұлттық және аймақтық басымдықтары туралы ақпараттармен таныстыру, сондай-ақ Erasmus+ іс-шараларына қатысуға тілек білдірушілерге практикалық кеңес беру. Ағымдағы жобаларға қатысушылар үшін жоба үйлестіру және мониторингке дайындық бойынша сессиялар өткізіледі. Бағдарлама мүмкіндіктері бойынша жеке сабақтар - «Erasmus Mundus бірлескен магистр дәрежесі» - студенттер мен магистранттар үшін ұйымдастырылады.

 

Қатысам деушілер 15 қазанға дейін тіркелу формасын (https://goo.gl/forms/VNIr60DBlxi0Y7IH2) толтырып, іс-шараға қатысуын растауы қажет.


Астанадағы Эразмус+ Ақпараттық Күндері бағдарламасы

Алматыдағы Эразмус+ Ақпараттық Күндері бағдарламасы

 

Өткізілетін уақыты және орны:

25-26 қазан - Астана қ. Сәтпаев көшесі, 2, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Бас ғимарат.

2-3 қараша - Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, бас оқу ғимараты.

 

 

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы



195

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler