қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
13.09.2016

 

Абай атындағы ҚазҰПУ мен НМПУ (Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университеті) ынтымақтастығының жаңа бағыттары.

5 қыркүйек күні Новосибирск мемелекеттік педагогикалық университетіне Абай атындағы ҚазҰПУ өкілі болып Галина Гомбоевна Цыренжапова жұмыс сапармен барды. Ресми сапар барысында екі университеттің алдағы уақыттағы студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық шеңберіндегі ынтымақтастығы, магистатурадағы қос диплом бағдарламасының жалғасы, тәжірибе мен тағылымдаманың мәселелері талқыланды.

НМПУ Халықаралық қатынастар мен академиялық ұтқырлық басқармасының басшысы Елена Федоровна Бехтенова ҚР университеттерімен бұрыннан ынтымақтастық орнатқандығы, соның ішінде Абай атындағы ҚазҰПУ-мен магистратурадағы қос диплом бағдарламасын НМПУ Өнер институтымен жүзеге асырып жатқандығын, алдағы уақытта ғылыми бағытта да серіктестікті конференцияларға қатысу, білім беру мен ғылыми тағылымдамалары шеңберінде жалғастыратындығын атап өтті.

Университеттің стратегиялық дамуы жөніндегі проректоры Наталья Васильевна Алтыникамен кездесу барысында алдағы екі университеттің ынтымақтастық жоспары жайлы сөз қозғалып, НМПУ ресурсты орталықтарына экскурсия ұйымдастырылды. Наталья Васильевна соңғы жылдары университтеріміз педагог кадрларды дайындауда біраз тәжірибе жинап, екі университеттің алмасуға лайықты өзіндік зерттемелері бар екенін айтты.

Галины Гомбоевна Цыренжапова Абай атындағы ҚазҰПУ-нің педагогикалық тәжірибеге бағытталған болашақ мұғалімдердің педагогикалық жұмысқа дайындығының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ететін Ресурстық орталықтарының үлкен тәжірибесі бар екендігін, сондай-ақ екі университтің де педагог кадрлардың дайындығына бағытталғадығы ынтымақтастықты көптеген арналарда жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін айтты. Таныстыру аясында Галина Гомбоевна Цыренжапова НМПУ озық технологиялармен жабдықталғанына, оқу үрдісінде мультимедиялық құрылғыларды қолданатындығына және заманауи зертханалардың тәжірибеге қажет құрылғылармен қамтамасыз етілгендігіне куә болып, мектептерге нағыз интеллектуал мұғалімдердің баратындығына сенім білдірді.

НМПУ Халықаралық қатынас пен академиялық ұтқырлық басқармасы НМПУ ҚР-ның 15 жоо мен білім беру орталықтарымен әріптестік орнатып, білім алып жатқан 664 шетел студенттерінің 482 ҚР азаматтары екендігі жайлы ақпарат ұсынды.

 

Василий Вагин

 



707

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler