қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
14.06.2011

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне арналған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе ұйымдастыруымен 2011 жылдың 14 маусымында «Тарихи тұлғалар» сериясы бойынша «Мені таңғалдырған тұлғалар» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді. Аталған еңбекте тарихи тұлғалар - саңлақ саясаткерлер, ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшылары, ірі қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалым-публицистер, Алаш зиялылары А.Байтұрсынұлы, Т.Рысқұлов, С.Асфендияровтың өнегелі өмірлері мен тарихтағы тағылымды қызметтері жөнінде баяндалған.
Бұл еңбекте берілген тұжырымдар мен мәліметтер республикамыздың жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына ұлт-азаттық қозғалысының тарихын, ХХ ғасырда қазақ халқы басынан кешірген аса күрделі саяси, әлеуметтік және мәдени процестердің ішкі мәнін танып-білуге, жас ұрпақтың бойында отаншылдық пен ұлтжандылық сезімдерін арттыруға септігін тигізеді деген мақсатта арналды. Идея авторы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Жайлауұлы Пірәлиев. Пікір жазғандар: тарих ғылымдарының докторы, профессор Т. Омарбеков, тарих ғылымдарының докторы, профессор З. Қинаятұлы. Жалпы редакцияны басқарған Абай атындағы ҚазҰПУ университетінің Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы А.Байтұрсынов атындағы Алаш зиялыларының ғылыми-педагогикалық мұрасын зерттеу орталығының директоры т.ғ.к Мұқатова Дана Мұқатқызының басқаруымен 2011 жылғы 17 наурыздағы №2 мәжілісінің шешімімен шығарылған бұл кітаптың тұсаукесер рәсіміне Алматы қаласындағы іргелі жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Шара барысында «Тәуелсіз елдің тұғырлы биіктері» тақырыбында кітап көрмесі болып өтті.



834

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler