қазақша · русский · english
   

Әлем көшбасшылары
Мазмұны:
• Саяси көшбасшылар
• Мәдениет саласындағы көшбасшылық
• Спорт саласындағы көшбасшылар
• Әскери көшбасшылар

Саяси көшбасшылар


Уинстон Спенсер Леонард Черчилль (1874-1965) - көрнекті британиялық саясаткер, саяси және әскери қайраткер, 1940-1945 және 1951-1955 жж. Ұлыбританияның премьер-министрі қызметін атқарған. Тілші, жазушы, ғалым. Нобель сыйлығына ие болған әдебиетші. BBC-дің 2002 жылы жүргізген сауалнамасы бойынша Ұлы британдық тұлға ретінде мойындалған.
У. Черчилль - ерекше қайратты білгір тұлға болып табылады. Ол көптеген министрлікте жұмыс жасаған, сонымен қатар екі дүние жүзілік соғыс қарсаңында әскери шабуыл жоспарларын жоспарлау шараларына ат салысқан. Оның «Екінші дүние жүзілік соғыс» атты кітабын оқи отырып, 30-жылдардың соңғы кезеңіндегі дипломатиялық қиын кезеңдерді автордың егжей-тегжейлі сипаттағанына, сол кітаптың келесі бетінде магнитті минаның толық техникалық сипаттамасына арнайы тоқталып бейнелегеніне таң қаласың. Черчилль, көшбасшы тұлға ретінде, мемлекеттік басқару шараларына тікелей немесе жанама түрде қатысты барлық шараларға белсенді түрде ат салысып, барлығына қызығушылық танытты. Ол керемет шешендік қасиетке ие болатын - яғни, соғыс жылдары оның радио желісіндегі халыққа деген хабарландырулары (соның ішіндегі ең танымалы, «Ол деген олардың ең керемет кездері») көптеген тыңдармандарды жинайтын. Сол хабарландырулары арқылы Британия халқының жүректеріне сенім үмітін ұялататын. Британдық саясаткердің көптеген сөздері шешендік өнер үлгісі, ал жеке сөйлемдері қанатты сөздер болып танылды.
«Табысқа ешқашан кепілдік болмайды, оған тек лайықты болу керек»

 

Франклин Делано Рузвельт (1882-1945) - американдық мемлекеттік-саяси қайраткер, АҚШ-тың 32-ші президенті, ең жоғарғы мемлекеттік қызметке 4 мәрте тағайындалған, мемлекет тарихындағы жалғыз ғана президент. Құрама штатқа Ұлы тоқыраудан шығуға көмектескен «Жаңа бағыт» атты экономикалық бағдарламаның авторы. Сонымен қатар, БҰҰ-н құру мәселесін шабыттандырған бірден-бір тұлға болып табылады.
Ф. Рузвельт - қиын-қыстау кезеңде бүкіл халықты бір мақсатқа жету үшін бір жұдырыққа жұмылдыра алатын қабілеті бар көшбасшы. Ауыр кеселді басынан өткізіп, мүгедек арбасына таңылған саясатшы, көптеген мамандардың басын біріктіре отырып, экономиканы сауықтыруға бағытталған реформаны конгрессте колдауға қол жеткізді. Рузвельт әкімшілігі Германиядан келген еврей-босқындарына баспана берді. Айрықша батылдыққа, мақсаттылыққа ие және қатаң мінезді қайраткер, ХХ-ғасырдың 30-шы жылдары және 40-жылдардың бірінші жартысында халықаралық саясатқа үлкен септігін тигізді.
«Бақыт дегеніміз - белгілі бір мақсатқа қол жеткізген кездегі және шығармашылық күш-жігерді шынайы сезінген кездегі қуаныш»

 

Нельсон Ролилахла Мандела (1918-2013) - Оңтүстік Африка Республикасының 8-ші және алғашқы қара нәсілді президенті, адам құқығын жақтаушы және апартеидке қарсы танымал тұлға. Өзінің әрекеті үшін 1962 жылдан 1990 жылға дейін 27 жыл түрмеде отырған. 1993 жылы әлем сыйақысының Нобель иегері, халықаралық деңгейдегі 50 университеттің құрметті мүшесі.
Н. Мандела - транзакциялық көшбасшының керемет үлгісі. Ол, бүкіл өмірін ОАР қара нәсілді халқының ақ нәсілділермен тең құқықты болуына арнай отырып, бейбітшілік транформацияға жақтасты. Дегенмен, Африкалық Ұлттық Конгресстің (АҰК) қарулы күштерімен диверсиялық актілер жүргізе отырып, әділбікті дәлелдеуден тайсалмады. Мандела 1994 жылы президенттік сайлауда жеңіске жете отырып, Ұлттық партияның басты саяси оппоненті Ф. Де Клеркті өзінің бірінші орынбасары етіп тағайындады. Оған 90-жылдары басталған бірыңғайлау процесін аяқтауға тапсырма берді. Қазіргі таңда бұл саяси қайраткер, ВИЧ-СПИД-ке қарсы тұрған бірден-бір беделді тұлға болып табылады.

«Егер сізде белгілі бір қол жеткізгіңіз келетін арман болса, онда сіз өзінің берілмесеңіз, сіздің жолңызға ешкім бөгет бола алмайды»

Маргарет Хильда Тэтчер (1925-2013) - 1979-1990 жж Ұлытбритания премьер-министрі. Осы қызметті атқарған бірден-бір әйел адам, сонымен қатар еуропа мемлекетіндегі алғашқы премьер-министр болып тағайындалған әйел кісі. «Тэт-черизм» атауына ие болған, экономика саласын сауықтандыру бойынша қатаң экономикалық шаралардың авторы. Өз саясатын табандылықпен жүргізді және кеңес басшылығы тарапынан үнемі сынға алынып отыратын, соңын салдарынан «Темір ханым» лақап атына ие болды.
М.Тэтчердің көшбасшылық қасиетін сипаттайтын басқару стилі авторитарлы басқаруға жақын келеді. Ол - типті бизнес-ханым: ақылды, қисынды, сезімге берілмейтін, сонымен қатар белгілі бір мәселеге әйел адам тұрғысынан қарай алатын тұлға. Фолкленд соғысындағы оның көрсеткен табандылығы - оның өз-өзіне сенімді саясаткер екендігін, ал әрбір қайтыс болған солдаттың жанұясына жазған хаты - оның аналық мейірімділігін көрсетеді. ИРА-мен болған шиеленіс, адамдардың құрбандығы, премьердің өзіне және күйеуіне төнген қауіп, СССР-мен болған қиын қарым-қатынас- осының барлығы, М.Тэтчердің басынан өткізген қиындықтарының жартысына да жетпейді. Мұның барлығына қалайша төтеп бергендігін тарих өзі пайымдай жатар. Бір ғана мәселе қызық - яғни, темір ханым өмір бойы ешқандай кемсітушіліктің жоқтығын көрсете отырып, феминизмге немқұрайлы қарады. Демек, оның ойынша кез-келген нәрсеге қол жеткізу үшін басқаларынан мықты болудың өзі жеткілікті.
«Егер бір нәрсенің айтылғанын қаласаң, ол туралы ер кісіден сұра; ал егер бір нәрсенің істелгенін қаласаң, ол туралы әйел кісіден сұра»


Мәдениет саласындағы көшбасшылық


Энди Уорхол (1928-1987) - американдық суретші, продюсер, дизайнер, жазушы, коллекция жинаушы, журнал баспашысы, кинорежиссер, поп-арт-қимылындағы және замауи мәдениеттегі діни тұлға.Уорхол, саламым көлемі бойынша Пабло Пикассодан кейінгі әлемде екінші орындағы суретші.
Э.Уорхол мен оның жұмыстарының 60-жылдардағы мәдени даму саласына жаппай тигізген әсері ерекше орынға ие және қазіргі таңға дейін жалғасын табуда. Көптеген сәнгерлер мен дизайнерлердің пікірі бойынша оның сән әлеміндегі еңбегі орасан зор. Богемдік өмір сүру стилі мен эпатаж ұғымдары бұл суретшінің есімімен тығыз байланысты. Қазіргі уақытқа дейін, Уорхолдың жұмыстары кеңінен танымал және өте қымбат екендігі сөзсіз, ал көптеген мәдениет қайраткерлері оның стилімен жүреді.
«Токиодағы ең әдемі, ол - McDonald`s. Стокгольмдегі ең әдемі, ол - McDonald`s. Флоренциядағы ең әдемі, ол - McDonald`s. Пекин мен Мәскеуде ешнәрсе әдемі емес»


Джон Уинстон Леннон (1940-1980) - британдық рок-музыкант, әнші, ақын, компазитор, суретші, жазушы. «The Beatles» тобының қатысушысы және негізін қалаушылардың бірі. Саяси белсенді тұлға, адамдардың бір-біріне теңдігін, бауырмалдығын, бейбітшілікті, еркіндікті жақтаған. ВВС зерттеулеріне сәйкес, тарихта ең үздік британдықтардың ішінде 8-ші орынды алады.
Дж.Леннон хиппи атты жастар қозғалыстары үшін бірден-бір танымал рухани көшбасшы және жігерлендіруші болып есептеледі. Ол, әлемдегі кез-келген шиеленістерді бейбіт түрде шешу үшін белсенді атсалысқан. Көптеген жас музыканттар оның талантына тамсанған. Леннон, әлемдің мәдениет мен қоғамдық іс-шараларға сіңірген еңбегі үшін Британия империясының Орденіне лайықты болған. Топтың шығармашылығы, сонымен қатар жеке карьерасы ХХ ғасыр мәдениетінің дамуына зор үлесін қосты, ал оның әндері әлемдегі ең үздік әндердің қатарында.
«Өмір дегеніміз - ол, сен сергек түрде түрлі жоспарлар құрып жатқан кездегі сенімен болып жатқан оқиғалар»

 

Майкл Джозеф Джексон (1958-2009) - американдық әртіс, көптеген әндердің авторы және орындаушысы, биші, композитор, хореограф, филантроп, кәсіпкер. Поп-музыка саласындағы ең үздік орындаушы, 15 мәрте Грэмми және жүз шақты басқа да сыйлықтарға ие болған. 25 мәрте Гиннес рекордтар кітабына енгізілген. Әлемде Джексон әндер жинағының миллиардтаған көшірмесі сатылды.
М.Джексон, музыка индустриясы мен хореографтық қойылымдарды жаңа сапалы деңгейге шығарған адам. Әлемде сан миллиондаған адам, оның талантына еліктейді. Бұл ерекше тұлға - өзінің шығармашылығымен поп-мәдениеттің даму деңгейін анықтап кеткен бірден-бір адам.
«Сенде әлемдегі ең үздік талант болуы мүмкін, дегенмен оған дайындалып, арнайы жоспар бойынша жұмыс жасамасаң, оның біз мезетте күл-талқаны шығады»

 

Спорт саласындағы көшбасшылар

Мохаммед Али (Кассиус Марcеллус Клей) (1942 жылы туылған) - американдық ауыр салмақтағы кәсіби боксшы, әлемдік бокс тарихында кеңінен танымал боксшы. ВВС нұсқасы бойынша, ғасырдың спорт адамы, өз еркімен тағайындалған ЮНИСЕФ елшісі, қайырымдылық қызметкер, керемет шешен.
«Бокстың алтын дәуірінің» ең беделді, әрі танымал боксшысы Мұхаммед Али, талантты адамның барлық нәрсені жоғалта отырып, өзінің табандылығы мен күш-жігерінің арқасында биік шыңдарды қайта бағындыра алатындығының бірден-бір үлгісі болады. Джо Фрейзермен болған үш ұрыс, осы уақытқа дейінгі бокс әлеміндегі ең үздік ұрыстар болып есептеледі. Карьерасын аяқтағанның өзінде Мұхаммед Али ХХ ғасырдың ең танымал спортшысы болып қала береді. Ол туралы көптеген кітаптар жарық көрді, бірнеше газеттер мен журналдарға көптеген мақалалар жазылды, оннан астам фильм түсірілді.
«Бүкіл өміріңді өткен қателіктермен өткізу - ең басты қателік болып табылады»

 

Әскери көшбасшылар

Александр III Ұлы Македонский ( б.з.д. 356-323 жж.) - Аргеад әулетінен шыққан, б.з.д. 336 жылы макендия патшасы, қолбасшы, әлемдік державаны құрушы. Аристотельден философия, саясат, этика, әдебиет саласы бойынша тәлім алған. Көнеде Александрға тарихтағы ұлы қолбасшы деген атақ берілген.
Әскери және дипломатиялық таланты еш күмән тудырмайтын Александр Македонский, туы бітті көшбасшы болған. Жас қолбасшының өз әскеріне ілтипатпен қарап және жауларының алдында құрметке ие болуы тектен-тек емес (32 жасында қайтыс болған): ол молшылықтан бас тартқан, қандай қиындық болмасын, өз әскерімен бірге бастан өткізген, түнде шабуылға шықпайтын, келісім-шартты ешқашан бұзбаған. Оның осы қасиеттері - біздің балалық шағымыздағы көптеген фильмдер мен кітаптардағы кейіпкерлердің ұнамды тұстары болатын.
«Филипптің алдын мен - өмір сүріп жүргенім үшін қарыздармын, ал Аристотельдің алдында - лайықты өмір сүріп жүргенім үшін қарыздармын»

 

Наполеон I Бонапарт (1769-1821) - 1804-1815 жж. Франция императоры, ұлы қолбасшы және мемлекет қайраткері, әскери теорияшыл, ойшыл. Артиллерияны жеке әскерге бөлген алғашқы қолбасшы, артиллериялық дайындық шараларын қолдана бастады.
Наполеонның жеңген жеке шайқастары, әскери іс жүргізу өнерінің үлгісі ретінде, әскери кітаптарға енгізілді. Бұл император, соғыстың тактикасы мен стратегиясына және де мемлекетті басқару шараларына жеке дара көзқарасы бойынша өзінің замандастарынан әрқашан алда тұратын. Жеке өміріне көз жүгіртетін болсақ - адам баласы өзін-өзі қалай көшбасшы етіп тәрбиелей алатындығын байқаймыз. Шыққан ортасы жоғарғы шеннен болмаса да, әскери мектепте құрдастарынан жеке талантымен ерекшеленбесе де, Наполеон, өзінің еңбекқорлығы мен ойшылдығының арқасында әлемдік тарихта көпке танымал жеке тұлға болып қалыптасты.
«Көшбасшы дегеніміз - үміт саудагері»


Павел Степанович Нахимов (1802-1855) - орыс теңіз флотының басшысы, адмирал. М.П.Лазарев тобынмен бірге дүниені кезіп жүзген. Қырым шайқасы кезеңіде Синопск соғысында түрік флотын жарған. Көптеген ордендер мен марапат иегері.
П.С.Нахимовтың көшбасшылық қасиеті мен біліктілігі, Севастополь қорғанысын басқару барысында анағұрлым толық көрінді. Ол жеке өзі алдың орындарды айналып өтіп жүрді, соның арқасында солдаттар мен матростарға, сонымен қатар қаланы қорғауға жұмылдырылған қарапайым халыққа да адамгершілік тұрғысына үлгі бола білді. Жігерлілікке, әрбір адамның тілін таба білуге үйренген басшының таланты, Нахимовты - өзінің қол астындағылар үшін «жарылқаушы әке» етті.
«Өзіңнің қол астындағыларға әсер етудің үш тәсілі бар: марапаттау арқылы, қорқыту және үлгі бола отырып. Осының соңғысы - ең дұрыс тәсіл».

1076
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler