қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
27.06.2016

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
республикалық оқу-әдістемелік семинар


«Орта білім берудің мазмұнын жаңарту аясындағы бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің ерекшеліктері»

 

Бүгінгі таңда мұғалім еліміздің білім беру саясатындағы басты тұлға. Білімнің сапалы берілуі мұғалімдердің құзырына кіреді. Мемлекеттіміздің білім беру саясаты педагогтың мәртебесін көтеруге бағытталған. Абай атындағы ҚазҰПУ бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының профессор оқытушылар құрамының қайрат қажыры осы міндетті орындауға жұмсалуда.
Ағымдағы жылдың 20 мен 22 маусым аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен математикадан бастауыш мектептерде өткізілетін «Бастау» IX республикалық турниры шеңберінде бастауыш мектеп мұғалімдеріне математиканы оқытудағы өзекті мәселелер тақырыбына семинар өткізілді. Семинар Жәутіков атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интератының негізінде өткізілді. Семинардың басты мақсаты бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік біліктілігін арттыру.
Семинар сабақтарын Абай атындағы ҚазҰПУ бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының профессор оқытушылар құрамы өткізді:
Ақпаева Асель Бәкірқызы- п.ғ.к., бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының доценті, «Математика» ОӘК авторы;
Лебедева Лариса Анатольевна - п.ғ.к., бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының доценті, «Математика» ОӘК авторы;
Тұралбаева Алмаш Тұрғанбайқызы - докт филос. (PhD философия докторы), бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы;
Астамбаева Жұпат қанапиянқызы - педагогика ғылымдарының магистрі, бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, «Математика» ОӘК авторы.
Орта білім берудің мазмұнын жаңарту аясындағы бұл семинар бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жаңа амалдары мен технологияларын дамытуға, сонымен қатар ерекше және логикалық міндеттерді шешуге бағытталған.
Семинарға орыс тілінде оқытатын мектептің 15 мұғалімі және қазақ тілінде оқытатын мектептің 100 мұғалімі қатысты. Қазақстанның түкпір-түкпірінен бастауыш сынып мұғалімдері мен оқу ісінің меңгерушілері келді. Ауқымды гимназиялар, лецейлер, қаланың мектептерімен қоса шағын, құзыры аз ауыл мектептері де қамтылды.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

 



743

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler