қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Халықаралық ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

 

ҚР педагог кадрлардың дайындығын дуалды-бағытталған тәсіл арқылы жетілдіру

(У.М. Абдигапбарова - п.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика мен психология кафедрасының меңгерушісі - презентация)

Мектеп-колледж-жоо Ғылыми әдістемелік кешені

Алғаш рет Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде педагогика мен психология кафедрасының бастамасымен Мектеп-колледж-жоо Ғылыми әдістемелік кешені құрылды.


Мектеп-колледж-жоо Ғылыми әдістемелік кешені білім берудің заманауи парадигмаларын жүзеге асыруда білім алушылардың қос бағытты педагогикалық дайындығын, тәлімгерлік институтының жемісті қызметін, педагогтардың кәсіби біліктіліктілігін жоғарлататын әр түрлі білім дәрежесіндегі мекемелердің күшін біріктірген психолого-педагогикалық, ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік жүйе ретінде құрылды.

Бастапқы кезеңінде ҒӘК Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология кафедрасын, №2 Алматы қаласының гуманитарлы-педагогикалық колледжін, Алматы қ. КММ №132 гимназиясын қамтуда.


Мектеп-колледж-жоо ҒӘК қызметінің басты тараптары: педагогика мен психология саласындағы қос бағытты болашақ мамандардың даярлығының дамуына жағдай жасау.


Мектеп-колледж-жоо ҒӘК Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика мен психология кафедрасының базасында құрылған. Психология мен педагогика ғылым саласындағы ҚР жетістіктерді шоғыландыратын, түрлендіретін, тарататын және де әр-түрлі деңгейдегі оқу-тәрбие барысынағы заманауи іс-тәжірибелерді қосатын қос бағыттағы педагогикалық дайындыққа негізделген үздіксіз психолого-педагогикалық білімді жүзеге асыратын кешен.

399