қазақша · русский · english
 
"ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру және тұлға психологиясы" ғылыми орталығы
 
 

 

2017 жылдың 26 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ Превентивтік суицидология және ҚР ЖОО инклюзивтік білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығы, ұйымдастырушыларының бірі болып,  «Достық үшін шекара жоқ: әлеуметтік және білім беру салалардың жүйелілік қарым-қатынасындағы жетімдер ұйымдар мамандардың кәсіби құзыреттілігін даму» Бірінші халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысады (Санкт-Петербург қ., Ресей).

 

Ынтымақтастық туралы келісім аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Превентивтік суицидология және ҚР ЖОО инклюзивтік білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығы  «ЖҮЙЕЛІ ИНЖЕНЕРИЯ БІЛІМ БЕРУДЕ КҮРДЕЛІ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖАСАУ ӘДІСНАМАСЫ РЕТІНДЕ» ғылыми-практикалық конференцияның ұйымдастырушыларының бірі болды. Конференция Ресей Федерациядағы «Экология жылы», «Эко-Осень 2017» «РАНХиГС-тағы аймақаралық форум» аясында (халықаралық қатысуымен) Санкт-Петербург қаласында 2017 жылдың 25 қазанда өткізіледі. Конфереция ұйымдастырушылар - АҚБ «Акме» тұлғаның даму ғылыми орталығы», Ресей Федерация Президент жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей академия және «Кәсіби дамуы» ғылыми жүйелілік журналдың (Санкт-Петербург қ., Ресей) қолдауымен. 

 

2017 жылдың 24-25 қазаңда Абай атындағы ҚазҰПУ Превентивтік суицидология және ҚР ЖОО инклюзивтік білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығы Шяуляй университетімен (Литва) бірге «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды кәсіби сауықтыру және білім алу мүмкіндіктері» екі күнгі семинарды ұйымдастырады.

 

Семинарға арнайы педагогика және психология саласындағы бас ғалымдар: проф.др.Донатас Юргайтис, Регина Корвякене, доц.Эрика Масиляускене, проф.Люда Радзявичене, др.Лайма Томекене, Илона Добровольските, доц.др.Дарюс Масиляускас қатысады.

 

 

2017 жылдың 15 маусым - 15 қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ басқаруымен «Инклюзивті білім беру: әдіснамасы, тәжірибе және технологиялары» тақырыбында республикалық әдістемелік фестиваль өткізіледі (ары қарай - Фестиваль).

 

Фестиваль мақсаты - жалпы білім беру кеңістігінде ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларға (балаларға) тиімді әдістемелік ұсынымдарды және технологияларды анықтап іске асыру, инклюзив үдерісіне енгізу мен дамытуда озық тәжірибені анықтау.

 

Фестивальға ғылыми-тәжірибелік орталық ұжымы мен қызметкерлері, ЖОО, Білім басқармасы қызметкерлері мен әдістемелік кабинеттер, оқытуда және тәрбиелеуде инклюзивті амалдарды қолданатын,  ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларды (балаларға) психологиялық-педагогикалық қолдайтын, барлығына бірдей және кедергісіз   оқытатын барлық деңгейдегі білім беру ұжымы педагогтары шақырылады.

 

Фестивальға қатысу үшін өтініштер 2017 жылдың 15 қыркүйегіне  дейін Ұйымдастыру комитетінің e-mail: sayakova197171@mail.ru поштасына жіберу қажет.  ЖҮКТЕУ → Әдістемелік фестиваль  ЕРЕЖЕСІ

 

13-15 желтоқсанда Превентивті суицидолгия және ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру орталығында «ЛогоАрт-терапияның жеке және топтағы заманауи әдістері» атты практикалық тренинг өткізіледі. Өткізетін псих.ғ.к., Мәскеу психоанализ институты мен Ресей білім беру академиясының Психология институтының оқытушысы Попова Татьяна Анатольевна.

 

Бағасы 20 мың теңге. 8747 416 50 76 нөмірі арқылы жазылуға болады.


2016 ж. 12-24 желтоқсан аралығында Превентивті суицидолгия және ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру орталығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Мәскеу Психоанализ институтының оқытушысы, Ресей білім беру академиясы Психология институтының ғылыми аға қызметкері, псих.ғ.к. Т.А.Попова «Арт-терпияның негізі. Жеке және топта жұмыс жасаудың әдістері» тақырыбында студенттер, магистранттар , докторанттар мен оқытушыларға курс оқиды.

 

8-9 желтоқсанда ҚазҰПУ "Превентивті суицидология және жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес» Кеңес беру орталығы ҚР-ң жоғары оқу орындарындағы инклюзивті білім беру бойынша үйлестірушілерді семинар-тренингке қатысуға шақырады.

 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2016 жылдың 20 қазанында ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Инклюзивті білім берудің теориялық және тәжірибелік өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады.

 

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 2016 жылдың 4 қараша күні отанымызға белгілі ұстаз, ғалым, ЖОО-нда білім беруді ұйымдастырудың шебері Қуандық Досмағанбетұлы Жоламановтың 85-жылдығына арналған «Жоғары педагогикалық білім: дәстүр мен жаңашылдық» атты республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференциясын өткізеді.

 

Құрметті әріптестер, сіздерді 2016 жылдың 26-27 мамырында Астана қаласында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы мен Қазан (Приволж) Федералды университетінің бірлесе ұйымдастырумен өтетін «Инклюзивті білім берудегі: мәселелер, болашағы мен шешімі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның дөңгелек столына қатысуға шақырамыз.

 

2016 жылдың 25-26 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі "Превентивті суицидология және жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық - кеңес беру орталығы" және "Жігер" мүмкіндігі шектеулі адамдардың жастар ұйымы" қоғамдық бірлестігі (Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен) инклюзивті білім беру бойынша ҚР-ң жоғары оқу орындарындағы үйлестірушілер үшін «ҚР-ң ЖОО-да инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру» оқытушы семинар-тренингін өткізеді. Ақпараттық хат

 

МҮГЕДЕКТЕР ЖӘНЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ТАЛАПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА!!!

Ержан Татишев қоры мүгедектігі бар жастар үшін білім беру гранттарына конкурс жариялайды.
Бағдарлама мақсаты - еңбек әрекетінде алған білімдерін және дағдыларын қолданатын және мамандықты меңгере алатын, кедергілерді жеңуге ұмтылатын, белсенді өмірлік позициясы бар мүгедектігі бар тұлғаларды қолдау.


Бағдарламаның түпкі мақсаты аз қамтылған отбасылардан шыққан мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жұмысқа орналасу кезінде тірек бола алатын, жоғары оқу орындарында және кәсіптік училищелерде білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз етуде әрекет ету болып табылады.
Толағырақ сайттан біле аласыздар: http://www.tatishevfoundation.kz/programs/blagotvoritelnost

 

 

 

13
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler