қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
08.08.2018

Магистранттар арасында Назарбаев шәкіртақысын тағайындауға арналған конкурс

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысын тағайындау туралы» өкімін жүзеге асыру мақсатында Назарбаев шәкіртақысына ұсынуға 2-курс магистранттарына конкурс жарияланатындығын хабарлаймыз.

 

Конкурс үміткерлері Ғылыми Кеңестің мәжілісінде қарастырылып, конкурс нәтижесі Кеңестің шешімімен бекітіледі.

 

Үміткерлерге төмендегідей талаптар қойылады:

- оқу үлгерімі «өте жақсы» (жоғары GPA балл) болуы тиіс;

- ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жарияланған ғылыми мақалаларының болуы тиіс;

- университеттің қоғамдық өміріне белсене араласуы тиіс.

 

Сондықтан тиісті құжаттарды (екі тілде толтырылған магистрант сауалнамасы, фото, автобиография) ағымдағы жылдың 8 тамызына дейін институт директоратына өткізулеріңізді сұраймыз.

 

 

Сауалнама үлгісі

 



630

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler