қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
12.05.2016

2016 жылдың 12 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Дуальді бағдарлық білім беру жағдайында мектеп-колледж-жоғары оқу орны іс-әрекеттерінің интеграциясы» атты Ғалымдар мен мұғалімдердің 1-ші республикалық конференциясы салтанатты түрде ашылды.
Конференция педагогика және психология кафедрасының бастамасымен Алматы қаласының 132 гимназиясымен, №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжімен бірлестікте ұйымдастырылды.
Конференция екі күнге жалғасады. Жоспарға сай 12- мамыр күні:
-Постерлік сессия баяндамаларының презентациясы;
-Пленарлық мәжіліс;
- Секция жұмыстары болып өтті.
Конференция:
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, п.ғ.д., профессор С.Ж.Пірәлиевтің;
- «Өрлеу» БАҰО АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Serpin» білім беру ұйымдарының Ұлттық қауымдастығының төрағасы Әбенов Мұрат Әбділамитұлының;
-Қазақстанның Еңбек Ері «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерінің иегері, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, № 159 Ы.Алтынсарин атындағы гимназия директоры Миразова Аягүл Төреқызының құттықтау сөздерімен басталды.

ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІСТЕ:
- Алматы полиграфия колледжінің директоры, т.ғ.к. Ахметов Билалдин Алиякбарович;
- БАҰО АҚ филиалы «Өрлеу» СҚО бойынша Петропавл қаласының педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Мурзалинова Алма Жакимовна;
- №2- Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің директоры, п.ғ.к., Дуанабаева Биби Чаимкуловна;
-ЖМХҒА академигі, психология ғылымдарының докторы, профессор, Абай ҚазҰПУ Психология ҒЗИ директоры Намазбаева Жәмилә Ыдырысқызы;
- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, п.ғ.д. Таубаева Шәркүл Таубайқызы;
профессор, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, п.ғ.д. Әтемова Қалипа Тұрсынқызы
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Әбдіғапбарова Ұлжарқын Мүсілімқызы баяндама жасады.

Конференцияға Республиканың барлық аймақтарынан: Астана қаласы, Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарынан дуальді бағдарлық оқытуды жүзеге асыруға ынталы жоғары оқу орындарының ғалымдары, ғылыми қызметкерлер мен оқытушылар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, колледж директорлары, әдіскерлері мен оқытушылары, мектеп директорлары мен мұғалімдері, докторанттар, магистранттар, студенттер және т.б. барлығы 400-ден аса адам қатысты.
Ғалымдар мен мұғалімдердің 1-ші республикалық конференциясы бойынша 400 -ден астам (404) жұмыс түсті. Жалпы мақала саны -325 Әдістемелік құралдар -72; Постер - 6.

Конференция барысында келесі бағыттардағы мәселелер талқыланды:
-Қазақстан Республикасында Дуальді оқытудың проблемалары;
- Оқушы мен студенттің оқуға мотивациясын арттыру мәселелері;
- Заманауи педагогтар мен психологтардың кәсіби іс-әрекетіндегі инновациялық технологиялар;
- Мектеп-колледж-жоғары оқу орнының өзара оқу-әдістемелік іс-әрекеттестігі;
- Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет: интеграциялық процесстер;
- Қазақстанның заманауи білім беру дамуының өзекті мәселелері.

 



821

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler