қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
16.05.2018

«VIII поэтика және өлеңтану мәселелері»

халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы

 

2018 жылдың 24-26 мамыр аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына байланысты «VIII поэтика және өлеңтану мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

 

Конференцияның пленарлық отырысы 24 мамыр күні, сағат 10:30-да Достық даңғылы 13, Университеттің Бас ғимаратының 202 аудиториясында өтеді.

 

Келесі секциялар бойынша жұмыс жоспарланған:

1. Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы Филология ғылымдары: дәстүр мен қазіргі заман

2. Поэтика мен заманауи әдебиеттанудың өзекті мәселелері

3. Поэтикалық текст және өлеңтану дәстүрлері

4. Заманауи лингвистика: теоретикалық және қолданбалы аспектілері

5. Мектеп және жоғарғы оқу орындарындағы филологиялық пәндердерді оқытудағы ғылыми - методикалық мәселелер

 

Конференцияның өту тілдері - орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілі.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көптілді білім беру институты халықаралық ғылыми-теоретикалық конференцияға ғалымдар мен оқытушыларды, мектептер мен мамандырылған орта оқу орындарының ұстаздарын, докторанттар, магистранттар мен студенттерді шақырады.

 

Қосымша ақпаратты келесі мекен - жай бойынша біле аласыз: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Достық даңғылы 13, филология және көптілді білім беру институты, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы, 316 кабинет.

 

Кафедра меңгерушісі, профессор Сәуле Жүнісқызы Әбішева, тел.:+ 7 701 407 00 55, доцент Мадина Кабуловна Абаева, тел.: +7 701 382 05 34, лаборант Мадина Молдагали, тел.: +7 775 188 84 79.

 

Ақпараттық хат

 

Филология және көптілді білім беру институты,

орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы

 



547

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler