қазақша · русский · english
   
Кафедра тынысы

           Абай атындағы ҚазҰПУ Жалпы тіл білімі кафедрасы мен Түркия республикасындағы Йенілкчі Адымлар қоғамының ұйымдастыруымен 22.05-24.05 жыл 2017 жылы аралығында «І-Евразилық тіл білімі және гуманитарлық ғылымдар » атты Халықаралық-ғылыми теориялық конференция өтті. Конференцияға Анталия қаласында өткен көнференцияға Роемптон Университет (London) Даугавпилс Университет (Литва) Ассосация инновации (Туркия) білім беру ұйымдары және Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Филология және көптілді білім беру институты, Жалпы тіл білімі кафедрасының оқытушылыры ф.ғ.д профессор Есенова Қ.Ө, п.ғ.д профессор Балтабаева Ж.Қ, ф.ғ.д пр ф.ғ.д профессор Ильясова Н.С, кафедра докторанттары қатысты.

 

 

 

 

 

 

     

 Қосымова Гүлбану Сейілбекқызы
филология ғылымдарының докторы, профессор
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Жалпы тіл білімі кафедрасы

        Қосымова Гүлбану Сейілбекқызы 1977 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін үздік бітірген. Осы аталған оқу орнының аспирантурасын тамамдап, «Қазақ эпосындағы фразеологизмдер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Докторлық диссертациясының тақырыбы - «Қазақ шешендік өнерінің негіздері және тілдік танымы». Жоғары оқу орындарына арналған «Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері. Шумеорология және түркітаным мәселелері», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Шешендік өнердің негіздері», «Тарихи сөздердің этимологиясы» , «Қазақ тілінің тарихы» т.б. монографиялар мен оқу құралдарының және жалпы білім беретін орта мектепке арналған «Қазақ тілі» оқулықтарының авторы.

 

         Профессор Г.С.Қосымова студенттерге «Педагогикалық риторикадан, «Қазақ тілінің тарихи грамматикасынан», магистранттарға «Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері», «Мәтін лингвистикасы» пәндерінен, докторанттарға «Академиялық шешендік», «Мәтін және дискурс теориясы» пәндерінен сабақ береді.

 

        Институтта Халықаралық байланыс және академиялық ұтқырлық жұмысына жауап береді. Өзі де алыс шетелдерде ғылыми тағлымдама мен біліктілікті арттыру курстарынан өткен, халықаралық конференцияларға үздіксіз қатысып, баяндама жасайды.

 

Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті,Филология және көптілді білім беру институты,Жалпы тіл білімі кафедрасының ,доценті, ф.ғ.к., Молдасанов Ерсайын Мышанұлы Еңбек өтілі - 29 жыл. Өмірдерек

 

    2017 жылдың 11 сәуір күні ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Мадиева Гүлмира Баянжанқызының басқаруымен ЖОО арасындағы жылжымалы: «Көптілділікті дамыту жағдайында тұлғаны қалыптастыру» атты республикалық оқу-әдістемелік семинар болып өтті. 

 

 

Семинар бағдарламаға сәйке шеберлік сабақтарымен жалғасты.

 Уақыты

Тақырыбы

Жауапты

930- 1020

Әдебиеттанушылық пәндерді оқыту: инновациялық технологиялар

Темірболат Алуа Берікбайқызы, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор

11 00- 11 50

Қазақ тілін мобильді технологиялар арқылы оқытудың ерекшеліктері

Иманқұлова Салтанат Меркібайқызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

12 00- 12 50

Алматы қазақ тілі корпусы: тіл үйретудегі жаңа технологиялық құрал

Мәдиева Гүлмира Баянжанқызы, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор

Бектемирова Сәуле Бекмұхамедқызы, филология ғылымдарының кандидаты,  доцент м.а.

Уматова Жанна Мақсутқызы, филология ғылымдарының кандидаты,  доцент м.а.

Таусоғарова Аяужан Қайратқызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Семинарға Жалпы тіл білімі кафедрасының және қазақ тілі кафедрасының PhD доктаранттары, магистранттар қатынасып, өз ойларын ортаға салды.

 

           2017 жылдың 10 сәуірі күні Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университтеті Филология және көптілді білім беру институтының директоры ф.ғ.д., профессор Б.Әбдіғазиұлының қолдауымен, Жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруында «Көптілділікті дамыту жағдайында тұлғаны қалыптастыру» атты  республикалық оқу-әдістемелік семинар болып өтті.

ЖОО қатысқан семинардың  кіріспе сөзін - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинарда Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ахетов Мамай Қаниұлы, «Ана тілі» газеті бас редакторының орынбасары Домбай Нұрперзент, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының директоры п.ғ.д., профессор Мақатова Жансауле Әлиқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор  Мадиева Гүлмира Баянжанқызы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тымболова Алтынай Оразбеккызы республикалықұ оқу-әдістемелік семинардық сәтті өтуіне тілектестік білдіріп, құттықтау сөз сөйледі.  - Сүлейман Демирель университетінің филология және педагогика ғылымдары факультетінің деканы,  PhD., профессор Азамат Ақбаров «Тенденции развития европейской языковой политики и пути ее реализации» баяндама жасады.

            Семинар бағдарламаға сәйке шеберлік сабақтарымен жалғасты.

Ф.ғ.д., профессор Атабаева Мереке Сатылғанқызының шеберлік сабағынан көрініс

Шеберлік сынып

Уақыты

Тақырыбы

Жауапты

1100-1150

Болашақ филолог маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыру жолдары

Рахметова Р.С., п.ғ. д., доцент

1100-1150

Жер-су атауларының ұлттық мәдени ерекшелігі

Атабаева М.С., ф.ғ.д., профессор

12 00 - 12 50

Шетел тілін үйретудегі жаңа технологиялар

Букабаева Б.Е., ф.ғ.к., доцент, Кемелбекова З.А. ф.ғ.к., доцент

12 00 - 12 50

Түркі тілдері сөздіктерінің тарихы

Шуиншина Н.М., магистр, аға оқытушы


 

 Қонақтарды қарсы алу сәтінен

 

Аға оқытушы, магистр Шуиншина Назым Мырзағасымқызының шеберлік сабағынан көрініс

 

        30-31 наурыз аралығында Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің IX Республикалық пәндік олимпиадасына қатысқан филология бөлімінің 3 курс студенттері Бабажанова Жадыра, Алипова Азиза және 4 курс студенті Қымбат, Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министрлігі Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универрситетінің 3-ші дәрежелі Дипломмен марапатталды.

 

 

 

10.02.2017 жылы Филология және көптілді білім беру институты Жалпы тіл білімі кафедрасының жанындағы "Тіл -қазына" үйірмесінің жетекшісі, п.ғ.д., профессор Ж.Қ.Балтабаеваның ұйымдастыруымен «Жүрек неге зат болып жаралмаған?!» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқу сайысы болып өтті. Жыр кешіне институт директоры ф.ғ.д., профессор Б.Әбдіғазиұлы , директордың орынбасарлары Г.Кенжебаева, Г.Нүптекева және Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Қ.Ө.Есенова, кафедраның оқытушылары қатысты.
Кеште Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқу сайысының қорытындысымен 1-орынды Мавлет Айнұр, 2-орынды Ысқақ Азат пен Арқабаев Жанжос, 3-орынды Тілегенова Ақмаржан мен Жолдыбай Қайрат иеленді.
Сондай-ақ Әбен Думан мен Әлімбек Абылай, Русланова Аяжан, Мұқамия Саят кешті ұйымдастыруда белсенділік танытса, Көмекбаева Фариза, Самет Назым, Мавлет Айнұр Мұқағали ақынға арнап өздерінің шығарған өлеңдерін оқыды.
Кешке инстиуттың 2000 жылғы түлегі Әбділбекова Земфираның қызы, М.Мақатаевқа арналған республикалық байқауда І орынды иеленген, 2-сынып оқушысы Әбділбекова Әмина қатысып, ақын өлеңдерін жатқа оқып, тыңдаушыларды таң қалдырды.

08.02.2017 жылы Жалпы тіл білімі кафедрасының оқытушылары мен 5B020500-филология мамандығының студенттері Алматы қаласындағы №1 облыстық балалар үйіне барып, ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., проф Қ.Ө. Есенова кездесу мақсаты жайында айтып өтті. Балалар үйінің директоры Г.С. Қондыбаева ұжым атына ризашылығын білдірді. Студенттер оқушыларға Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен әр апта сайын сабақ үлгерімдеріне көмекке келуге келісім алды.


Филолгия және көптілді білім беру институты Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Қ.Ө. Есенованың басшылығымен кафедра оқытушылары, ф.ғ.д., профессор Н.Ильясова және PhD Р.Ускенбаеваның ұйымдастыруымен 01.02.2017 жылы №3 жатақханада докторанттар, магистранттар, студентер арасында Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшіні жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауын талқылауға арналған жиын болып өтті. Жолдаудағы басымдылықтар, әсіресе 1 - 4 - басымдылықтардағы мәселелр бойынша жиынға қатысушылар қызу талқылап, өз ойларын білдірді.

 

 

Филология және көптілді білім беру институты Жалпы тіл білімі кафедрасының оқытушысы Ф.ғ.к.,доцент Е.М.Молдасановтың 27.01.2017 жылы 1-курс, 6М020500 - Филология мамандығы магистранттарының кезекті  «Дін және мен» атты тәлімгер сағаты болып өтті.   

Елбасымыз Н.Назарбаев 2012 ж 14 желтоқсан жолдауында айтып өткендей: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал».

 

Дінсіз қоғам болмайды.

Біздің арғы тегіміз түркі, яғни Исламды қабылдауымыз да түркілік, қазақы дүниетанымымызға қатысты болды. Өзімізге тән әдетіміз, ғұрпымыз, салт-санамыз бар, ол Исламмен табиғи тұтасып кеткен.Ислам - иләһи соңғы әрі әлемдік дін Жер шарын мекендеген алты миллиардқа жуық адамзаттың 1,5 миллиарды мұсылмандар. Қазақ халқы да Ханафи мәзһабын ұстанушы халық. Ислам діні Қазақстанға осыдан 1250 жыл бұрын келген. Өкінішке орай 70 жылдық Кеңестік үкімет тұсында дінге тыйым салынып, Құдай жоқ деп, дініміздің барлық құндылықтарын тұншықтыруға тырысты. Осы 70 жылдық мерзімде дінімізді түсіндіре алатын санаулы ғана жандар болды. 1991 жылдан бастап дінге еркіндік беріліп, Ислам қанат жайып келеді.Қазіргі таңда елімізде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен теріс діни ағымдар халқымызға солақай әсерін тигізіп отыр. Жасыратыны жоқ еліміз егемендік алған жылдары белең алған әр түрлі ағымдар, шығыс халықтарының нақыл сөзіндегі терезені ашсаң таза ауамен үйге шаң кіретіні сияқты,пайдалы жағы да,пайдасыз тұстары болды -деді.Пайдалысы тәуелсіздігімізді ала сала көпке құшағымызды кең жайғанымыздың арқасында,елімізге ата мекенін аңсаған талай қандастарымыздың елге оралуына жол ашылды.Осы ұрымтал тұсты пайдаланып,керағар топтармен, керітартпа ағымдар да қасиетті жерімізге келіп табан тіреді.

  "Адасқандар" бейнефильмі көрсетілді. Бейне фильмге байланысты пікірталас ұйымдастырылды.

 

2016 жылғы 28 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанында құрылған 6D020500 - «Филология» және т.б. мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты Жалпы тіл білімі кафедрасының аға оқытушысыУскенбаева Рауза Муталиповна философия ғылымдарының докторы PhD дәрежесін алу үшін «Қазақ тіліндегі мифологемалардың этномәдени-танымдық аспектісі (мифологиялық шығармалар негізінде)» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады. Жалпы тіл білімі кафедрасының ұжымы Р.М. Ускенбаеваны сәтті қорғауымен құттықтайды.

 

 

16.12.2016 жылы Филология және көптілді білім беру инсттиуты Жалпы тіл білімі кафедрасының оқытушылары доцент Молдасанов Ерсайын және аға оқытушы Шуйншина Назым, Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы Абдықалықов Арман Үкіұлының қатысуымен №3 жатақханада ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты пікір сайыс (диспут) болып өтті. Пікір сайысқан: М.Жакенбаева, Шаттық Айбота, Бауыржан Шерім Бектайызова Элонора,Райнеп Диана өз өлеңдерін оқып, Рухы биік - Желтоқсан құрбандарын еске алды. Жұмбағы мол «Желтоқсан-1986» туралы өз ойларын ортаға салды. Соңынан «Аллажар» фильмі көрсетілді.

 

 

 

 

14.12.2016 жылы 10.00-13.00-де Австрия мемлекеті, Линз қаласындағы жеке педагогикалық университетінің профессоры, ректоры Ханс Шахл Филология және көптілді білім беру институтының жалпы тіл білімі кафедрасының оқытушылары және докторанттарына психолингвистика бойынша дәріс оқыды.

 

                          

                          

                                                 

Еуропадағы онкүндік

ҚР Тұңғыш Президенті күні,   ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл аясында  02.12.2016 жылы  1 курс 6M020500 -Филология мамандығында  «Қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері, атқарған істері  туралы мағлұмат берілді.

 

 

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университтеті
Филология және көптілді білім беру институты
Жалпы тіл білімі кафедрасы
5В0121-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында 26.11.2016 жылы 410 аудиторияда «Сөздікпен жұмыс» пәні бойынша ф.ғ.к., доцент Е.М.Молдасановтың ашық сабағы болып өтті .Сабаққа институт оқытушылары, практикант магистрантар, доктарантар қаттысты.
Сабақтың тақырыбы:Сөздіктің түрлері:
 Фразеологиялық сөздік, оның құрылысы мен жасалу тәсілдері
 Синонимдер сөздігінің құрамы мен құрылымы
 Диалектологиялық сөздіктің құрамы мен құрылысы

 

 

 

 

https://youtu.be/OJ6HxM4rfgo.
23.11.16ж.-30.11.16 ж. аралығында Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына және 1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Елбасы күніне орай «МӘҢГІЛІК ЕЛ - МӘҢГІЛІК ТІЛ» атты апталығы аясында Жалпы тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы Сейталиева Қарлығаш Орынқызының 24.11.2016 жылы сағат 15.00 де өткен «Шешеннің тілі - шебердің бізі» атты 5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенттерімен ашық сайыс сабағын өткізді. Ашық сайыс сабағын кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Қ.Ө.Есенова өте жоғары бағалап, студентерге берері мол дәріс екенін айтты.

 

 

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ, Филология және көптілді білім беру институты Жалпы тіл білімі кафедрасының 23.11.16ж.-30.11.16 ж. аралығында Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына және 1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Елбасы күніне орай «МӘҢГІЛІК ЕЛ - МӘҢГІЛІК ТІЛ» аттыапталығы аясында 25.11.2016 жылы сағат.14.00.-16.00 де «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты поэзия және шығармашылық кеші өтті. Кешті ф.ғ.д., прфессор Есенова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жыр кешінде:1-орын- Ыдырыс Сымбат, ҚБ 1-курс, 2-орын Ақжалбекова Нұрзат, КРО 2-курс және Бердібекова Айнұр КРО 2-курс, 3-орын Шәріп Айшабибі Қб 1-курс және Тұрдалиева Гулдана Қб 2-курс. Белсенділік танытқан:
1. Күмісбай Орынтай
2. Рустем Әсем
3. Әлімжан Дархан
4. Сайлау Айғанымға алғыс хат берілді.

 

 

Жалпы тіл білімі кафедрасы 6D020500 - Филология, 6D021300 - Лингвистика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалатын диссертациялық жұмыстарға ғылыми жетекшілік жасауды ұйымдастыру мақсатында Польшаның Адам Мискеевич атындағы Познань университеті, Польшаның Ольштын университеті, Түркияның Стамбул университеті, Анкара қаласындағы Гази университеті, Измир қаласындағы Еге университеті, АвстрияныңUniversity of Education Linz, Austria Dr. Hans Schachl

университеті, Ресейдің Мәскеу мемлекеттік облыстық университетімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

2016 жыл 19 қарашада, Филология және көптілді білім беру институтының директоры ф.ғ.д., профессор Б.Әбдігазиұлының, Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д.. профессор Қ.Ө.Есенова және ф.ғ.д., профессор Г.С.Қосымованың ұйымдастыруымен Филология және көптілді білім беру институтының ПОҚ, студентеріне, магистрант, докторанттарына Бейжін Ұлттық орталық университетінің (Қытай) профессоры, филология ғылымдарының докторы Еркін Ауғали «Көне түркі және шағатай» тілі» атты тақырыпта дәріс оқыды. Дәрісті түркі дүниесіне байланысты тың деректер айтылды. Дәріс 19.11.2016 жыл мен 04. 12.2016 жыл аралығында жалғасады.

Ұйымдастыру ком: Филология және көптілді білім беру институты байланыс тел: 87015773509

 

 

Филол.ғ.д., профессор Есенова Қалбике Өмірбайқызы 2016 жылдың 17 қазаны күні 6М020500-Филология мамандығының 2 курс магистранттарымен «Прагмалингвистикадағы интерпретация мәселелері: медиа кеңістіктегі концептілік құрылымдардың ұйымдасу тетігі» атты ашық дәріс сабағын өткізді.

 

 

 

«Тәуелсіз жылдардағы мемлекеттік тіл саясаты»


Үстіміздегі жылдың 08 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясының ағымдағы жылдың IV тоқсандағы республикалық желілік кестеге сәйкес Жалпы тіл білімі кафедрасы мен Жастар ісі жөніндегі комитетпен бірлесіп «Тәуелсіз жылдардағы мемлекеттік тіл саясаты» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.Конференцияға Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілдері, оқытушылар және студенттер қатысты.

Конференция мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасу жолындағы мемлекеттік тіл саясатының рөлі мен даму үдерісін айқындау,жастар арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және ҚР Тіл туралы Заңнамасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, оларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Конференция модераторы Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі,ф.ғ.д.,профессор Қ.Есенова сөз алып,Тәуелсіздік қарсаңында ұйымдастырылып отырған аталмыш шараның маңыздылығына тоқталып өтті.
Конференцияға университеттің Тәрбие басқармасы бастығының орынбасары Қ.А.Бекпенбетова конференцияға қатысушыларға сәт сапар тіледі.
Конференция барысында Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Есенова Қ.Ө. «Қазақ тілі - Тәуелсіз Қазақстанның келбетін көрсететін басты құрал», ф.ғ.д., профессор Қосымова Г.С. «Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асырудағы мемлекеттік тілдің өміршеңдігі», «Филология» мамандығының II-курс докторанты Бисенбаева М. «Мемлекеттік тіл саясаты: бүгіні мен ертеңі», ҚазҰПУ-дың жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Сеитов Р. «Тілге құрмет - жастарға міндет» тақырыбында баяндама жасады. Конференция барысында сұрақ-жауап алынып, пікірталас болды.
Сонымен қатар, университет қабырғасында 8-18 қараша аралығында ұйымдастырыл отырған «Нұрлы үмітін арқалаған STUDENTS LIVE» атты Студенттік онкүндіктің жоспары таныстырылды.
Елбасымыз Н.Назарбаев: «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында:« Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел!» ,-деп көрсеткендей, ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференция университет жастары үшін тәлімі зор, тағлым аларлық өнегелі шара болды.

 

 

 

Жалпы тіл білімі кафедрасының 2015-2016 оқу жылында өткізілген іс-шаралар фото слайды

«Филология», «Лингвистика», «Түркітану» мамандықтары бойынша маман даярлау бағытындағы оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы мен сапасы туралы есеп


2016 жылы 18 қыркүйекте ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Аматы қаласының 1000 жылдығына арналған «Alma Fest-2016» фестивалінде филология институтының филология мамандығының 1-4 курс студентері және жалпы тіл білімі кафедрасының оқытушылары жоғары деңгейде ұйымдастырылған көрме, концерттік бағдарламаларды көріп, демалыс күндерін көңілді өткізді. Арнайы көлік ұйымдастып берген университет басшылығына студенттер өз алғыстарын білдірді.

        

 

        

 


Абай Атындағы ҚазҰПУ-дың бітіруші , ІІ курс 6М020500 - Филология мамандығының магистранттары; Акегожаева Р., Асанова М., Қашырбекова Ғ., А.Колганатова магистрлік жұмыстарын "өте жақсы" қорғап, тәлімгері доцент Е.Молдасановпен қоштасу сәтінен бір естелік 2016 жыл.

 

31.05.2016 жылы Филология институның ғылыми кеңесінде Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к.д., профессор Қ.Ө.Есенованың 2015-2016 оқу жылындағы кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми және жұмысы бойынша атқарған жұмыстарының қорытынды есебі тыңдалды. Институт директоры ф.ғ.д., профессор Б.Әбдіғазиұлы кафедрада орындалған жұмыстың нәтижесін жақсы деп бағалады және болашақта атқарылатын біршама жұмыстарға бағыт-бағдар берді.

                             

                                                    

Жалпы тіл білімі кафедрасы - 21 жылдық тарихы бар, ғылыми әлеуеті жоғары құрылымдық бөлімше. Кафедраның негізін көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Ғабдолла Қалиев қалаған болатын. Ғ.Қалиев өмірден озғаннан кейін де, уақытша жабылған кафедра ректорат пен институт басшылары жүргізген дұрыс саясатының негізінде 2014 жылы қайта ашылды. Кафедра ұжымында жалпы тіл білімі және қазақ тілінің тарихы мен теориялық мәселелері, тіл білімінің жаңа бағыттарын зерттеп жүрген, сондай-ақ жалпы білім беретін орта мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдардың авторлары, есімдері республикаға ғана емес, шетелдерге белгілі болған ғалымдар жұмыс істейді.
Жалпы тіл білімі кафедрасында шетелдік жоғары оқу орындарымен және түркі әлемімен халықаралық байланыс жақсы жолға қойылған.
Қазір жалпы тіл білімі кафедрасында 7 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты, 3 аға оқытушы жұмыс істейді. Кафедраны филология ғылымының докторы, профессор Есенова Қалбике Өмірбайқызы басқарады. Кафедрада ғылым докторлары: профессор Б.Хасанұлы, профессор Қ. Есенова, профессор М.Атабаева, профессор Ж.Балтабаева, профессор Г.Қосымова, доцент Н.Ильясова; филология ғылымдарының кандидаттары: доцент К.Ныязбекова, доцент Г.Раева, доцент Е.Молдасанов, доцент А.Әмірбекова; аға оқытушы Қ.Сейтәлиева, Түркиядағы Мұғыла университетінің докторанты, аға оқытушы Шүйіншина Назым, PhD докторы А.Ордаханова жемісті еңбек етіп келе жатыр.
Жалпы тіл білімі кафедрасы 5В020500, 6М020500, 6D020500-Филология; 6М021300, 6D021300-Лингвистика, 6М021200-Түркітану мамандығы бойынша білім алатын студенттердің, магистранттардың, докторанттардың сапалы білім алып, білікті маман ретінде қалыптасуы үшін олардың оқу үдерісін дұрыс жолға қою мақсатында білім беру бағдарламаларын, жұмыс-оқу жоспарларын, оқу-әдістемелік жұмыстарын, ғылыми жұмыстарын, тәрбие жұмыстарын, практика түрлерін сәтті ұйымдастырып келеді.
Кафедрада жалпы тіл білімінің мәселелері, тіл тарихы мен шумерология, тіл танымдағы антропоөзекті парадигма, прагмалингвистика, коммуникативті лингвистика, медиалингвистика, шешендік өнер мен тұлғатаным теориясы бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Кафедраның профессор-оқытушы құрамы елімізде білім беру саласының дамуына әлемдік өркениет талабына сай бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау ісіне алдағы уақытта да өзіндік үлесін қоса бермек.
Кафедра оқытушылары үнемі белсенді түрде әдістемелік-ғылыми жұмыстармен айналысып отырады. Соның нәтижесінде студенттер мен магистранттарға, докторанттарға тіл теориясын меңгерудегі тың деректерді жеткізуге тырысады және олардың тіл мәселелерін зерттеуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сан түрлі іс-шаралар ұйымдастырып отырады.
25.02.2015
Кафедра оқытушылары магистранттармен бірге Ұлттық кітапханада өткен «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы бойынша ұйымдастырылған белгілі қазақ жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлиннің шығармашылығына арналған кітап көрмесін тамашалады.
4.03.2015
2015 жылғы 4 наурыз,
сағат 11.00-де кафедра оқытушылары мен докторанттары көрнекті түрколог-ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, филология ғылымдарының докторы, профессор Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» ғылыми еңбегінің тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты.
11.03.2015
2015 жылғы 11 наурыз, сағ. 15.00-де кафедра оқытушылары Сүлеймен Демирел атындағы университет ректорының ғылыми істер жөніндегі кеңесшісі, белгілі ғалым, профессор Дандай Ысқақұлының «Мәңгілік майдан немесе тілдер тоғысындағы түркі әлемі», «Түркілік ортақ термин негіздері» атты кітаптарының тұсаукесеріне қатысты.
26.03. 2015
2015 жылғы 26 наурыз, сағ. 15.00-де кафедра оқытушылары мен докторанттар Ұлттық кітапхананың көрмелер залында 30 томдық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер топтамасының тұсаукесеріне қатысты.
27. 03. 2015
Кафедра оқытушылары магистранттар мен докторанттармен бірлесе отырып, «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі» атты кафедраішілік

1018
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler