қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
30.06.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ Evrosert сертификатын алды

 



Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Парасат» орталығы ашылған сәттен бастап жаңадан құрылған құрылымның алдына қойылған басты міндеттердің бірі - ИСО 37001-2016 халықаралық стандарт талаптары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджментінің жүйесін (СЖҚМЖ) әзірлеу және енгізу болатын.

 

Жүргізілген жұмыстар барысында СЖҚМЖ құжаттарының саны мен құрамы және олардың қолданыстағы жүйеге кірігуі анықталды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты» әзірленді және бекітілді. ҚР заңнамасының нормаларын ескере отырып, ISO 37001 талаптары бойынша құжатталған рәсімдер әзірленді:
1) Мүдделер қақтығысын шешу саясаты;
2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау;

3) Сыйлықтар мен өкілдік шығыстар.
Осы құжаттарға айқындалған процедуралар, талаптар негізінде, қосымша келесідей құжаттар бекітілді:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты;

2) Мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын сақтау туралы декларациясы;

3) Сыйлықты алғаны туралы хабарламасы;

4) Университет қызметкерінің еңбек шартына қосымша келісімі;

5) Университет қызметкерінің лауазымдық нұсқаулығы;

6) Білім беру қызметтерін көрсету шартына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпесі;

7) Сыртқы ұйымдармен және іскер әріптестермен өзара қарым-қатынастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпесі редакцияланды және жаңадан енгізілді.

 

Әзірленген әдістемеге сәйкес университеттің бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Тәуекелдер маңыздылығы бойынша цифрланған және талдауға алынған, олар бойынша сараптама берілген. Маңызды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау тізіліміне, университеттің тәуекелдерін барынша азайту және сапалы басқару мәселелері бойынша, қажетті іс-шаралар жүргізіліп, жауапты тұлғалар анықталды.

 

Аталған құжаттар негізінде университеттің профессор оқытушылар құрамы және барлық қызметкерлері «Мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау туралы декларацияға», «Еңбек шартына қосымша келісімге» және «Лауазымдық нұсқаулықтарға» қол қойды. Осы қол қойылған құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында барлық қызметкерлердің және жұмыс берушінің жауапкершілігі, міндеттері мен құқықтары айқындалған.

 

Өткізілген жұмыстың қорытындысы ретінде 12 және 15 маусымда «Евросерт» компаниясы (Evrocert Certifikacijainadzor sistemamenadąmenta SCG) сертификациялық аудит жүргізіп, оның нәтижесі бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне, олар енгізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі ХС ИСО 37001-2016 стандартының талаптарына сәйкес жұмыс жағдайында екендігі туралы белгіленген үлгідегі сертификат беру туралы шешім қабылданды.

 

Мұндай оқиға елімізде тұңғыш рет болғанын айта кеткен артық болмас.

 

 

30.06.2020 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz

 



48

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler