қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
02.04.2018

«Бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім беруді қалыптастырудың әдіснамасы мен практикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 

2018 жылдың 20 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдық мерейтойына арналған «Бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім беруді қалыптастырудың әдіснамасы мен практикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.


Конференцияның мақсаты: бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім беруді қалыптастыру бойынша өзекті мәселелерді талқылау, ғылыми жетістіктер, тұжырымдар және көзқарастармен кеңінен алмасу.

 

Конференция қатысушылары: Қазақстандық, шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері, ғалымдары, оқытушылары мен білім алушылары.

 

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Достық көшесі, 13, үлкен конференц-зал (ауд. 225), тіркеу сағат 08.00 - де , конференцияның басталуы сағат 09.00-де.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қазыбек би , 30. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология институты, Педагогика кафедрасы.

 

Конференция жұмысының бағыттары:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары мен стратегиялық құжаттары аясында бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім берудің жаңа парадигмасын қалыптастыру;

2. Қоғамдық сананы рухани модернизациялаудың бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім берудің жаңа парадигмасының мазмұнына әсері;

3. Бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім беруді қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары, идеялары мен ұстанымдары. Бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім берудің жаңа парадигмасының моделі;

4. Болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту - жоғары педагогикалық білім берудің өзекті мәселесі;

5. Бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім беруді қалыптастырудағы шетелдік тәжірибе.

6. Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті педагогты дамытудың акмеологиялық аспектісі;

7. Бәсекеге қабілетті жоғары педагогикалық білім беруді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыздандыру.

 

Байланыс телефондары: 8-(727) 2-91-19-81; Жампеисова Корлан Кабыкеновна -8 701 726 77 21; Колумбаева Шолпан Жаксыбаевна - 8 708 654 78 35; Берикханова Айман Еженхановна - 8 707 462 09 15.

 

 

 



914

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler