қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
04.03.2016

ҚР Премьер -Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаева және ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогигалық университетінің әйелдер ұжымына 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай құттықтау хатын жолдады.

«Ардақты Аналар, Әпкелер, Арулар, Құрбылар!

Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жеке өзімнің атымнан құттықтаймын! Егемен елімізде әр әйелдің кәсіби саладағы арманына қол жеткізе отырып, отбасында да бақытты болуға мүмкіндігі бар. Қай кездері болса да нәзік жанды әйелдердің өз отбасының, бала-шағасының ғана емес, қоғамның ұйытқысы болудың салмақты жүгін арқалап келе жатқанын мен түсінемін. Біздер - отанасымыз, ұрпақ өрбітуші, тұрмысына төзіммен, кешіріммен қарайтын адал жармыз, ардақты ана, қылықты қыз, қамқоршы әпкеміз. Ұлттың рухы  - әйел, қыз - келіншек, ана, әже. «Әуелі анаңа, содан кейін барып, атаңа жақсылық жаса!», - деп қазақ бекер айтпаған. Қазақ әйелдері ұрпақ тәрбиесінен өзге қоғамның барлық істеріне қатысып, өздерінің көзқарастарын білдіріп, мансабында да үлкен жетістіктерге жете білген.

Алайда, менің сіздерге айтарым, нәзікжандылығымызға қарамастан, өмір бізге қандай сын дайындаса да, бүкіл рух - жігерімізді жинап, барлығына да төтеп бере аламыз.

Елбасының қазіргі таңда алдымызға қойып отырған басты талабы - жұдырықтай жұмыла, бірлесе отырып, елімізді дамыту. Сол мақсатымызға бірге жетейік!

Көктемнің шырайлы мерекесі, халықаралық әйелдер күні - қазіргі қазақ әйелінің қоғам мен мемлекет көркі екенін еске салатын мереке. Бүгінгі жарқын мереке күні сіздерге мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін.

ҚР Премьер -Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаева»  

«Министрлік атынан және жеке өзімнің атымнан  сіздерді 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!»

                                                                                        Министр Е. Сағадиев



968

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler