қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
12.01.2018

Құрметті оқырмандар!


Университетімізде шетел электронды ресурстарына OXFORD, EBSCO, IPRBooks және "Университетская библиотека online" электрондық кітапхана жүйесіне кіру ашық, пайдалануға шақырамыз.


EBSCO - ақпараттық қызмет көрсету нарығында деректер қоры мен электронды сервистерді жетекші жеткізуші.
EBSCOhost - әртүрлі тілдерде (ағылшын, француз, неміс, испан және т.б.) электронды форматта дүние жүзілік ғылыми мерзімді басылымдарға жылдам қолжеткізу мүмкіндігін беретін, көп функционалды іздеу платформасы.
EBSCOhost деректер қорында Blackwell Publishing, Springer, Harward Business School, Taylor&Francis, Sage Publications және т.б. басылымдар ұсынылған.  https://search.ebscohost.com 

 

PRbooks ЭКЖ - семинарларға, сынақтарға және емтихандарға, жобалар мен қажетті жұмыстарды орындауға, оқудың әртүрлі бағыттарына арналған, жаңа ақпараттық технологиялар мен лицензиялық оқыту әдебиеттерін біріктіретін, оқуға және ғылыми зерттеулерге арналған сенімді және пайдалы ресурсы. IPRbooks ЭКЖ оқытушыларға оқу жоспарын құруда, сабаққа дайындалуында, әріптестерінің жаңа жарияланымдары туралы ақпараттар алуында пайдасы зор.
IPRBooks ресурстарына логин мен парольді КазҰПУ Ғылыми кітапхана электронды залының қызметкерлерінен алуларыңызға болады.
 
www.iprbookshop.ru

 

Oxford Scholarship Online -  Бұл ғылыми білімнің кез-келген саласында зерттеуге арналған бірегей және құнды қызмет. Жыл сайын Oxford University Press 2 763 ғылыми кітаптың толық мәтіндері, 400-ге жуық кітаптар қосылады.
Ресурс құрамы көптеген салаларды қамтиды, сонымен қатар гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар жиынтығы кіреді.
 www.oxfordscholarship.com

 

"Университетская библиотека online" электрондық кітапханалық жүйесі - электрондық кітапхана. Жоғарғы, орта оқу орындарын, кітапханаларды белді ресейлік баспалардан білімнің барлық саласы бойынша шығатын оқу және ғылыми әдебиеттерге қолжетімділікті қамтамасыз етіп келеді. Ресурста қазіргі уақытта оқулықтар, оқу әдістемелік әдебиеттер, монографиялар, мерзімді басылымдар, сөздіктер,энцилопедиялар, видео және аудио материалдар, көркем әдебиеттер бар. Басылымдар каталогы өзекті басылымдармен жүйелі түрде толықтырылып отырады, қазіргі уақытта басылымдар атауы 100 мыңнан асады.  www.biblioclub.ru.

 

Тестілік қолжетімділік мерзімі - 2018 жылдың 27 ақпанына дейін.

 

 

 



584

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler