қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
17.02.2016

Сыбай лас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі сөз болды

 

Абай атындағы ҚазҰПУ «Сорбонна-Қазақстан» Институтында «2015-2025 жылдарға Коррупцияға қарсы күрес стратегиясын» және «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оны ұйымдастырған «Сорбонна-Қазақстан» Институтының директоры Г. Б. Нұрлихина, директордың орынбасары Р. А. Аманжолов, тәрбие жұмысы, жастар саясаты мен тілдерді дамыту басқарманың бастығы А. У. Абдықалықов.
Іс-шараның мақсаты: студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының құқықтық сауаттылығын көтеру. Отырысқа ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегі министрлігі Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаметі басқармасының жетекшiсi М. А. Анапин қатысты.
Дөңгелек үстелдің отырысын «Сорбонна-Қазақстан» Институтының директоры Г. Б. Нұрлихина ашып, қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.
Отырыс барысында М. А. Анапин «2015-2025 жылдарға Коррупцияға қарсы күрес стратегиясы» және «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын орындау тетіктері» тақырыбында баяндама жасады. М. А. Анапин Үкімет қабылдаған құқықтық құжаттарға шолу жасап, коррупцияға қарсы ккүрестің өзекті мәселеріне тоқталды.
Мәжілістің соңында Институт директоры Г. Б. Нұрлихина бұл кездесудің маңыздылығына тоқталды.


Фарида Амангелдіқызы,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
Баспасөз орталығының
қызметкері.

 

 



738

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler