қазақша · русский · english
 
 
 

 

Жазғы семестр студенттің сұрауы бойынша қосымша білім алу қажеттілігін қанағаттандыру, жеке оқу жоспарын түзету, академиялық қарызды немесе оқу бағдарламаларының айырмасын жою үшін ұйымдастырылады.

 

Жазғы семестрдің ұзақтығы (6 аптаға дейін) мамандықтар мен курстар аясында білім беру процесінің академиялық күнтізбесі бойынша анықталады.

 

Жазғы семестрде білім алуды қаржыландыру оқу формасына (ақылы, грант) байланысты студенттің есебінен жүзеге асырылады.

 

Жазғы семестрге келесі студенттер қатыса алады:
- оқу үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» білім алушылар (қосымша жеделдетілген оқудан өту үшін келген, соның ішінде басқа жоғары оқу орындарының білім алушылары);
- рейтинг-бақылау қорытындысы бойынша аралық аттестацияға жіберілмеген білім алушылар;
- өткен академиялық кезеңдерде академиялық қарызы бар студенттер;
- курстың оқу бағдарламасын толық орындағандар, бірақ минималды өту баллын жинай алмағандар жеке пәндерді қайта оқу есебінен GPA (үлгерімнің орташа баллы) жоғарылату мақсатында (мемлекеттік емтихан тапсырылатын Қазақстан тарихы пәнінен басқа пәндерді);
- академиялық демалыстан келгенде және оқуға қайта қабылданғандағы академиялық айырмашылықтары бар білім алушылар.

 

Студент өзінің логині мен паролі арқылы «Univer» жүйесінде қайта даярлаудан өту туралы өтініш беруі керек.

 

Тіркеу 16 кредиттен аспайтын пәндер бойынша жүргізіледі.


Білім алушы жазғы семестрдегі білім қызметтеріне төлемқаы жасағаннан кейін тіркеу бөлімі жазғы семестрдің сабақ кестесін құрады. Сабақ кестесі оқу ісі жөніндегі проректормен бекітіледі.

 

Жазғы семестрде білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау жүйесінің барлық түрлері: үлгерімді бағалаудың ағымдағы, шектік бақылауы, ауызша емтихан түрінде аралық аттестация формалары қолданылады.

 

Жазғы семестрдегі білім алушылардың оқудағы жетістіктері білімді бақылау және бағалауға қатысты жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес баллдық-рейтинг жүйесімен бағаланады.

 

Жазғы семестрде оқылған мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердің емтихан қорытындысы ағымдағы оқу жылындағы келесі курсқа көшіру баллын (GPA) есептегенде ескеріледі.

 

Басқа оқу орындарынан келіп оқитын білім алушыларға Абай атындағы ҚазҰПУ-да жазғы семестрді оқығаны туралы кредиттерді қайта санауға транскрипт беріледі.

 

 

616
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler