қазақша · русский · english
 
 
 
Білім беру траекториясын таңдау

 

Білім алушы академиялық жетекшісі - эдвайзердің көмегімен оқу жылға арналған оқытудың жеке траекториясын қалыптастырады.

 

Білім алушы мамандықтың типтік оқу жоспарында қарастырылған кредиттердің белгілі санына тіркелуі тиіс. Типтік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде білім алушы жеке оқу жоспарында (ЖОЖ) көрініс табатын кредиттердің қажеті санын ескере отырып міндетті және элективті пәндерді таңдайды. Пәндерді таңдау оқытылуының логикалық бірізділігі есепке алына отырып жүргізілуі тиіс.

 

Білім алушы өзінің ЖОЖ-ын құру барысында:

  • оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісінің ұйымдастыру ережелерімен танысуы тиіс;
  • оқу пәндері мен ЖОЖ-на өзгерістер енгізу бойынша оқу пәндерін тіркеуге белгіленген мерзімді сақтау тиіс;
  • оқу жылында сәйкесті деңгейдің білім беру бағдарламасын меңгеру үшін кредиттердің белгіленген санынан кем емес кредиттерге жазылу тиіс.

 Білім алушы білім бағдарламасында  бекітілген деңгейге қарағанда ақылы негізде өз жеке оқу жоспарын  аз кредит санымен қалыптастыра алады. Бірақ оқу мерзімі ұзартылады.

 

Білім алушы оқу пәндеріне тіркелу үшін алдынғы семестрде қажетті пререквизиттерін меңгеруі тиіс.  Базалық пәндерді таңдауда білім алушының кәсіптік бағдарын есепке алады. Бірақ білім алушы өзінің жеке оқу жоспарына басқа мамандықтардың базалық блогында көрсетілген пәндерді қалауы бойынша енгізе алады.

 

Білім алушы ЖОЖ құру үшін және мамандықтың типтік оқу жоспарының талаптарына сәйкес оқу курсын толықтай меңгеруге жауапты болады. 

 

963
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler