қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
10.02.2020

«Start Рroject» креативті жобалар байқауы

 

   

 

Еріктілер жылы аясында 2020 жылдың 7 ақпаны күні Алматы қаласы ЖОО білім алушылары арасында «Start Project» креативті жобалар байқауы өткізілді.


Байқаудың негізгі мақсаты - Алматы қаласы ЖОО-ның жастары арасында байланысты дамытып, өзара тәжірибе алмасу.


Байқау барысында талантты студенттер «әлеуметтік», «IT», «ғылым», «Startup» бағыттары бойынша тың жобалар ұсынып, өзара қызықты идеяларымен бөлісті. Байқауға Алматы қаласының 15 жоғары оқу орны студентерінен 55 жоба қорғалды.


Шараны университетіміздің тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.


Жобаға Алматы қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы - Мәди Ахметов, Алматы қалалық студенттер Альянсы корпоративтік қорының басшысы - Жасұлан Қуандық, «Асылтас» қоғамдық қорының жетекшісі - Рауан Оқас, «Smart students» жастар бастамаларын қолдау орталығының директоры - Ермұқан Нұрман әділ-қазылық жасап, байқауға қатысушылардың арасынан үздіктерін анықтады.


Әділ қазылар шешімі бойынша І орын С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің студенті Дінмұхаммед Дәуленовке бұйырса, ІІ орын Қазақ-Британ техникалық университетінің студенті Аружан Аманбаеваға иеленді, ІІІ орын Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Жансая Әшірбайға бұйырды. Сонымен қатар, «Креативті жоба» номинациясы бойынша Қазақ-Британ техникалық университетінің студенті Арон Каратаев  және «Жаңа бастама» номинациясы бойынша Қазақ-Америка университетінің студенті Наири Турсунова марапатталды.


Байқаудың жүлде қоры:
І орын - 100 000 теңге
ІІ орын - 70 000 теңге
ІІІ орын - 50 000 теңге

Екі номинациялар бойынша - 30 000 теңгені құрады.


Университет ректоры Такир Балықбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған бұл байқау дарынды жастарға кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға септігін тигізіп, тың ізденістерге деген қызығушылықтарын арттыра түсті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты жөніндегі департамент

 



116

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler