қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
13.01.2020

Оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстары

 

2020 жылдың 5-10 қаңтар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Өзгермелі әлемдегі педагогикалық білім: жаңа басымдықтар» Қысқы мектебі аясында университеттің оқытушылары үшін біліктілікті арттыру курстары өткізілді.

 

«Студенттердің метапәндік оқу нәтижелерін бағалау үшін тапсырмалар дайындау» тақырыбында (40 сағ.) «Тұран» университетінің доценті Гүлжан Примбетова университеттің профессор-оқытушылар құрамына курс өткізді.

 

Курстың мақсаты - оқытушыларды педагогикалық өлшеулер негіздерімен және білім алушылардың оқыту нәтижелерін бағалау үшін тест тапсырмаларын әзірлеу кезеңдерімен таныстыру.

 

Біліктілікті арттыру курстарында оқытушылар оқытылатын пән бойынша негізгі дидактикалық білім бірліктерін анықтау дағдыларын пысықтады; оқу материалын меңгеру деңгейін саралады; пәндік білімді бағалауға және оқытудың метапәндік нәтижелерін бағалауға бағытталған тапсырмаларды әзірледі; әртүрлі тапсырмаларды құрастырды; тестілердің бірнеше нұсқаларын дайындады.

 

Сабақтар түрлі форматтарда жүргізілді: дәрістер, практикалық сабақтар, тренингтер. Курс тыңдаушылары метапәндік нәтижелерді бағалаумен байланысты мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды, тест тапсырмаларының пакетін әзірледі.

 

   

 

   

 



118

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler