қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Қосымова Гүлбану Сейілбекқызы

Қосымова Гүлбану Сейілбекқызы

 

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын 1977 жылы үздік бітірген. Абай атындағы КазПИ-дің аспирантурасында оқыған. 1991 жылы «Қазақ эпосындағы фразеологизмдер» деген тақырыпта кандидаттық диссертация, 2003 жылы "Қазақ шешендік өнерінің негіздері және тілдік танымы" атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады, филология ғылымдарының докторы, профессор.
"ҚР Білім беру ісінің Үздігі" белгісінің (1995), "ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері" белгісінің (2003), "Жоғары оқу орнының Үздігі" (2006) грантының, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Үздік Ұстаз» (2013) төсбелгісінің және Ы.Алтынсарин медалінің (2017) иегері. «Түркі тілдерінің дамуына үлес қосқан ғалым» деген халықаралық марапаттың (Түркия) иесі. Ресей Ғылым академиясының корреспондент мүшесі.
Ғылыми ізденістер саласы: Шумерология және түркітаным мәселелері, қазақ тілінің тарихы, тарихи лексикология, тарихи грамматика, шешендік өнер, мәтін және дискурс теориясы, қазақ тілін оқыту әдістемесі.
200-ден астам еңбектің, соның ішінде жалпы білім беретін мектептерге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының, әдістемелік нұсқаулардың, Магистратура және PhD докторантураға арналған Қазақ тілі Стандарты мен Білім беру бағдарламаларының авторы. "Шешендік өнердің негіздері", "Қазақ тілінің тарихи грамматикасы", «Қазақ тілінің тарихы», «Тарихи атаулардың этимологиясы», «Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері (Шумерология және түркітаным мәселелері)», «Функционалды грамматика» т.б.кітаптарының авторы.
Ғылыми мақалалары шетелде- Ұлыбритания, Индия, Испания, Кипр, Греция, Америка, Қытай, Дубай, Түркия, Болгария, Чехия т.б. елдерінде басылып шықты. Көне түркі руникалық ескерткіштердің электронды қоры мен "Қазақша - кәрісше" сөздігін құрастырушы.


← Вернутся назад

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler