қазақша · русский · english
 
 
 
24.02.2023

14.04.2022

26.05.2020

05.11.2018

...4.0250
Жасыл балабақша жобасын іске асыруда тәжірибе алмасу 3-4 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ, «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының PhD, аға оқытушысы Жакупова Алтынай Жұмабекқызы №186 (Алматы қ.) және «Ұлан» (Алматы обл.) бөбекжай-балабақшаларының педагогтерімен кезекті кездесу өткізді. Кездесу мектепке дейінгі ұйымда экологиялық білім беруді интеграцияландыру арқылы оқу процесін ұйымдастыру мәселесіне арналды. Сонымен қатар, «Ұлан» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Смагулова Бахтыгуль Бейсембаевна заманауи білім беру әдістерімен «Жасыл балабақша» жобасын іске асырудағы тәжірибесімен бөлісті. Мұндай тәжірибе алмасу педагогтер арасында озат тәжірибе аясын кеңейтуге, кәсіби байланыстарды нығайтуға және болашақта бірлескен зерттеу жұмыстарын көбейтуге мүмкіндік береді. (Жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыратын «Жас ғалым» жобасы ЖТН АР25795211 «Жасыл балабақша» тұжырымдамасы: мектепке дейінгі ұйымдарға интеграцияланған экологиялық білім беруді ендіру)