қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Кайдарова Аймен Жексембайқызы

Кайдарова Аймен Жексембайқызы

Кайдарова Аймен Жексембайқызы - п.ғ.д., профессор

Кайдарова Аймен ЖексембайқызыН.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін физика пәні мұғалімі (1968) деген мамандық бойынша, Абай атындағы ҚазПИ-дің педагогика кафедрасының аспирантурасын (1989-1992), Абай атындағы ҚазҰПУ-дың докторантурасын (2002-2005) бітірген.

Абай атындағы ҚазҰПУ-де 1992 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ұстаздық жұмыс өтілі - 48 жыл. 

Педагогика ғылымдарының кандидаты (2001). Доцент (2003). Абай атындағы ҚазҰПУ- дың профессоры (2006). Педагогика ғылымдарының докторы (2007). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Университет білімі деңгейінде болашақ мұғалімдердің кәсіптік қызығушылығының қалыптасуы» ( 13.00.08- Кәсіптік білім берудің әдістемесі және теориясы). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасында жоғары педагогикалық білім беру мазмұнының қалыптасуы және дамуы (1928-2005)». (13.00.01-Жалпы педагогика, педагогиканың және білім берудің тарихы, этнопедагогика).

Қайдарова А.Д. - п.ғ.д., профессор, МАНПО академигі, 150-ден астам елімізде және шет елдерде жарияланған ғылыми, ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы, оның ішінде - 2 монография, - 2 оқулық (авторлармен), - 2 оқу және 3 оқу-әдістемелік құралдар, - 5 электронды оқулықтар бар.

Қайдарова А.Ж. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын 2 жобаға жетекші ғылыми қызметкер ретінде қатысты. Оның жетекшілігімен бір кандидаттық және бір докторлық диссертация қорғалды. Бірнеше жылдар аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  Д 14.05.01. диссертациялық кеңесінің мүшесі болды. Қайдарова А.Д. білім беру жүйесіндегі көпжылдық шығармашылық еңбегі үшін мақтау қағаздарымен, Құрмет грамоталармен, «Еңбек ардагері» (1988), «Қазақстан Республикасының ғылымы дамуындағы еңбегі үшін» (2008), «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2014) төс белгілерімен марапатталған.

Студенттерді тәрбиелеу ісіне аса белсенді қатысады. Жезқазған педагогикалық институтында жұмыс істеп жүргенде тәрбие жұмысының проректоры қызметін атқарған (1985-89), Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогикадан студенттердің университеттік олимпиадасын өткізуге жауапты болған, тәжірибелі тәлімгер.

2009-2010 жж. «Концепция воспитания студентов в вузе», «Концепция национального воспитания студенческой молодежи» деген тұжырымдамалар жобасын жасауға қатысқан және кафедрасының шығармашылық тобымен «Национальное воспитание студентов» атты дәрістер курсын дайындаған. 

Қайдарова А.Ж. бірнеше жылдар бойы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми-методикалық «Хабаршы -Вестник» (Педагогикалық ғылымдар сериясы) журналын шығаруға жауапты редактор қызметін атқарған, ал 01.01.2011 - 01.09.2015«Педагогика және психология» журналының бас редакторының орынбасары қызметін атқаруы кезінде журнал   ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған ғылым қызметінің негізгі нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми басылымдардың тізіміне енгізілуіне тікелей ат салысты. 


← Вернутся назад