қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Иманбаева Сәуле Тохтарқызы

Иманбаева Сәуле Тохтарқызы

 

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ХПБҒА-ның  академигі, КОНКОРД  халықаралық академиясының корреспондент  - мүшесі (Франция) 

1978 жылы  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университетінің математика факультетінде оқып,  математика пәнінің мұғалімі классификациясын алды.    1986  жылы Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми зерттеу институтының  «Информатика және есептеу техникасы»  лабораториясында кіші ғылыми қызметкер, 1986-1990   жылдар аралығында  аталған ғылыми  - зерттеу институтының  педагогика мамандығы бойынша күндізгі бөлім аспирантурасын оқыды. 1990 - 1999  жылдар  аралығында Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында кіші ғылыми қызметкерден жетекші ғылыми қызметкерге дейін,  1999 - 2001 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекетттік орталық мұражайда ғалым хатшы, 2001 жылы Маңғыстау «Болашақ» институтында оқу және ғылым жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

2003‑ 2008  жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде оқу- әдістемелік бөлім меңгерушісі, 2008-2011 жылдары педагогика және психология факультетінің деканы , 2011-2014 жылдары  Абай атындағы ҚазҰПУ - нің  «Ұлттық тәрбие және өзін өзі тану» кафедрасының меңгерушісі,  2014 жылдың   қараша айынын бастап жалпы педагогика  кафедрасында  профессор  қызметін  атқарады.

 

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күн

 

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті математика факультеті, қазақ бөлімі

Математика пәнінің мұғалімі

Г-1 №248192

1978

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Педагогика ғылымдарының кандидаты

Педагогика ғылымдары

1997

Педагогика ғылымдарының докторы

Педагогика ғылымдары

2008


ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атағының атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Доцент

Педагогика ғылымдары

2001

Профессор

Педагогика ғылымдары

2010

Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының академигі (Ресей)

Педагогика ғылымдары

2011

КОНКОРД халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі

 

Педагогика ғылымдары

2015

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Бакалавриатта:  Педагогика, Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, Педагогикалық менеджмент

Магистратурада: -

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (көрсету 5 мәнді).  Педагогика ғылымы саласы бойынша оқу -  әдістемелік  зерттеу жұмыстары бойынша 300 - ден аса   ғылыми - зерттеу, оның   «Мектептегі патриоттық тәрбие берудің теориясы  мен әдістемесі» атты монография,  «Педагогика»,  «Әлеуметтік педагогика», «Мектептегі тәрбие теориясы мен әдістемесі», «Педагогика тарихы», «Әлеуметтік педагогика», «Мәңгілік ел» атты  5 оқулық, «Педагогика школы», «Школоведение», «Педагогика межличностных отношении», «Тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясы», «Тұлғаның интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру», «Ұлттық тәрбие», «Әлеуметтік педагогика бойынша  курстық жұмысты құрастырудың ғылыми әдістемелік ұсыныстар»  атты  12  оқу құралдары т.б.  

Білімін жетілдіру курстары: Москва қаласы Ресей мемлекеттік әлеуметтендіру университетінде, Қытай Халық Республикасы Үрімші қаласы, Цинь-зьян педагогикалық университеті,  Германия Дюссельдорф қаласындағы Халықаралық білім мен ғылымды ақпараттандыру орталығында, Франция КОНКОРД  халықаралық академиясында,  Испания Корольдігі Валенсия қаласы, Валенсия политехникалық университетінде, «Өрлеу»  біліктілікті арттыру республикалық институтының ұсынысымен «Жалпы педагогика»  бойынша   тәлімдемеден өтті.

 

МАРАПАТТАРЫ   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан  марапаттау қағазымен,  Қазақстан Республикасы  білім беру ісінің үздігі,  Ы.Алтынсарин атындағы, «Қазақстан Республикасының  ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілер, «Жоғары оқу орны үздік оқытушысы» мемлекеттік атақтың иегері,  2015 жылы Франция мемлекеті КОНКОРД халықаралық академиясы тағайындаған   «MARIA AGNESI»  меделінің иегері.

 


← Вернутся назад