Еңбек жолын 1993-1996 жылдар аралығында Жызақ облысы, Мырзашөл ауданы, Гагарин қаласындағы аудандық №6 Ш.Қалдаяқов атындағы музыка мектебінде музыка пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді;
1996-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы Жетісай мәдениет колледжінде музыка пәнінің оқытушысы қызметін атқарды;
1997-2001 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінде музыка пәнінің оқытушысы қызметін жалғастырды;
2001-2005 жылдар аралығында осы аталған колледждің «Ән-саз» кафедрасының меңгерушісі, 2005 - 2010 жылдары «Ән-саз және мәдени-ағарту» бөлімінің меңгерушісі қызметін кафедра меңгерушісі қызметімен қоса атқарып, сонымен қоса педагогика, психология пәндерінен дәріс берді.
2008 жылы «Сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы колледж оқушыларының педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру» (педагогикалық колледждердегі музыка - педагогика мамандығы материалдары негізінде» тақырыбындағы 13.00.01 - жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің (ҚарМУ-нің) ғылыми кеңесінде қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы дәрежесіне ие болды.
2010 жылдан бері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "Педагогика және психология" институтында "Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика" кафедрасына аға оқытушы болып қабылданып, 2014 жылдан бері университеттің қауымдастырылған профессоры лауазымы бойынша қызмет атқарып келеді.
|