About us | ![]() Абенова Бибигуль Сеиловна
ЖҰМЫС ТӘЖІРБИЕСІ
09.1977-11.1977 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі қызметін атқарды. 11.1977-08.1978 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы бастауыш мектепте мұғалім қызметін атқарды. 09.1978-09.1979 жылдар аралығында - Байғанин аудандық әдістемелік кабинет әдіскері. 19.1979-09.1980 жылдары - Байғанин ауданының білім бөлімінде мектеп инспекторы. 09.1980-07.1985 жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде (ҚазМУ) тарих факультетінің студенті. 09.1980-09.1995 және 09.1999-09.2010 жж. - Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, кафедра доценті, ЖАК доценті, Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасының меңгерушісі. 08.2010-09.2012 жж. - Оқу-әдістемелік Басқарма басшысы, 09.2012-01.2017 жж. - Аккредитация, академиялық ұтқырлық және мониторинг басқармасының бастығы. 01.2017-06.2021 жж. аралығы - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Ректордың міндетін атқарушы, Оқу ісі жөніндегі проректор, Академиялық жұмыстар жөніндегі проректор. 06.2021-08.2021 ж. - ректордың Академиялық қызмет жөніндегі кеңесшісі. 09.2021-08.2023 жж. - Тарих және дінтану кафедрасының профессоры. 2024 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-інде Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы кафедрасында доцент қызметін атқарады. Ғылыми жетілуі: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде (ҚазҰУ) 1995-1996 жылдары бір жыл ғылыми тағылымдамадан өтті. 1996-1999 жылдары ҚазҰУ тарих факультетінде аспирантурада білім алды. 2000 жылдың 6 қазанында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 070000-Диссертациялық кеңесінде «Отан тарихы (ҚР тарихы)» бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ: Доцент (қауымдастырылған профессор). Аттестат Д№0000037 МҮШЕЛІК: Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы корреспондент-мүшесі
ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ Жалпы еңбектер мен мақалалар көлемі: 165,02 б.т.
МАРАПАТТАРЫ
САРАПШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
СЕРТИФИКАТТАРЫ
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Office: 291-48-74, 291-37-23 (fax) 8 (727) 390 60 05
Admissions Office/Call center: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Сitizen reception on personal matters
|