қазақша · русский · english
   
  Главная / Новости
10.01.2012

 

2011-2012 оқу жылындағы Ректорат (03.11.2011), Ғылыми кеңес (26.08.11., 27.09.11., 25.10.11., 29.11.11., 27.12.11.) шешімдерінің және «Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша іс-шаралар» жоспарының орындалуы туралы

 

Қысқаша ақпарат

 

Биылғы оқу жылындағы Ректорат, Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалу барысы жағдайына тоқталатын болсақ, бірқатар шешімдер өз мерзімінде тиянақты орындалды: Атап айтсақ,

 1) «Компьютерлік тестілеу бойынша»  (Жауаптылар - Құлсариева А.Т., Еділбаев Т.Т., Махмұтов С.Ә. және т.б.) - қысқы сессияның 55%-ы компьютерлік тестілеу арқылы өткізілді. 

2) «Электронды оқу құралдарын құрастыруға байланысты» (Жауаптылар - Құлсариева А.Т., Махмұтов С.Ә. және т.б.) - 70 профессор-оқытушылар электронды оқулықтар жасау курсын тәмамдап, өз оқулықтарын жасауға кірісті. 

3) «Альтернативті білім беру стандарттарын жасау бойынша» - (Жауаптылар - Құлсариева А.Т., Айтбаева А.Б. және т.б.) - 20 педагогикалық мамандық бойынша Альтернативті білім беру стандарттары жасалып, Министрлікке өткізілді.

4) Физика және информатика бакалавриаттық білім беру бағдарламасы Халықаралық аккредиттеуден өтті (Жауаптылар - Ермағанбетов М.Е., Еділбаев Т.Т., Бекпатшаев М.Ж. және т.б.). Енді 10 мамандық Халықаралық аккредиттеуден өтуге ұсынылып отыр.

5) «ПОҚ іс-әрекеттерін бағалаудың рейтингілік жүйесін апробациядан өткізу бойынша» (Жауапты - Дамитов Б.Қ.) - Тарих факультетінде өткізілген апробация оң нәтижесін беріп, бұл жүйе осы жылдың қаңтарынан бастап оқу процесіне ендірілді.

6) «Түлектерді жұмыспен қамтамасыздандыру және кері байланыс бойынша» (Жауаптылар - Ергөбек Ш.Қ, Айқымбаева Г.А. және т.б.) -  жаңа механизм жасалып, жүзеге асырылуда.

7) «Мектепке дейінгі, бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасына қатысты» (Жауапты - Жұмабаева А.Е.) - Кафедра тексерілгеннен кейінгі шешімдерді уақтылы орындады.

Өкінішке орай, толық орындалмай отырған шешімдер де жоқ емес.

Қашықтықтан оқытуға байланысты мамандықтар анықталып, бекітуге ұсынылған жоқ (Ректорат шешімі 03.11.2011, пункт 6, Жауапты - Ергөбек Ш.Қ).

Университетте (аттарын атап жатпай-ақ қояйын) бірқатар басқармалардың, бөлімдердің, факультеттердің, кафедралардың 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары - бүгінгі күнге дейін жасалып, бекітілген жоқ. Негізінен бұл, былтыр жасалу керек болатын. Орындалмаған соң, Ректорат шешіміне  қайта ендірген болатынбыз (03.11.2011).  Әлі де нәтижесін көре алмай отырмыз. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарының орындалу барысы да ауыз толтырып айтарлықтай емес. Тіпті желтоқсан айына белгіленген сауалнама жүргізу наурыз айына қалдырылып отыр (Осы жоспардың, 7 пункті).

Емтиханды жазбаша, ауызша қабылдаудың спецификалық ерекшеліктеріне сәйкес формалары (кодтау, индекстеу, оқытушылар тобының қабылдауы немесе оларға дәріс бермеген оқытушының қабылдауы және т.б.) әлі анықталып, бекітуге ұсынылған жоқ (Осы жоспардың 3 пункті).

 

 



677

Вернуться назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler