қазақша · русский · english
 
 
  Главная / Объявления
08.11.2013

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 6D010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы PhD ғылыми дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Абдуллина  Гүлжан Темиршаровнаның « Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық даярлығы мазмұнын жобалаудың педагогикалық негіздері »  тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде  орындалған. Қорғау тілі - қазақша.

Ғылыми кеңесшілер:

К.М.Беркімбаев  - педагогика ғылымдарының докторы,  Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің профессоры.

Б.Т.Ортаев - педагогика ғылымдарының докторы, Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің доценті.

А.А.Абдукадыров -  педагогика ғылымдарының докторы,  Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры. ( Өзбекстан ).

Рецензенттер:

Әбдіғапбарова Ұлжарқын Мүслимқызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы.

Джанбубекова Мейрамгүл Зейнегабулқызы - Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, « Педагогика » кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, доцент.

Қорғау 2013 жылғы 11 желтоқсанда сағат 14:00-де  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25 (2-қабат, мәжіліс залы), сайт - www.kaznpu.kz

 

АННОТАЦИЯ

6D010300 - Педагогика и психология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған  Абдуллина Гүлжан Темиршаровна «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық даярлығы мазмұнын жобалаудың педагогикалық негіздері» диссертациясына

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан жоғары мектебінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту. Еліміздің білім беру туралы заңындағы педагогикалық үдерісті жетілдіруге сәйкес басты басымдықтарды Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы халыққа кезекті «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» тақырыбындағы Жолдауында: «Қазақстанда адами капитал сапалы өсуі, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтауға байланысты екендігін айта келіп, «...оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу; педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор» - деп маңызды іс-шараларды атап көрсетті. Осы бағыттағы жүргізілетін жұмыстар негізінен адам капиталын жетілдіруге бағытталатынын көруге болады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Елімізде бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау, бастауыш білім беру мен бастауыш сынып мұғалімін даярлаудың тарихы мен дамуын (Р.К.Бекмағамбетова, Қ.Т.Ыбыраимжанов, Б.М.Қосанов және т.б.), бастауыштағы білім интеграциясы, бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеттері, дүниеге көзқарасы, тәрбиелеу мәселесі тұрғысынан (Ә.М. Мұханбетжанова, Р.К. Төлеубекова және т.б.) зерттеген еңбектер бастауышта оқытуды жетілдіруге, мұғалімдерді даярлаудың сапасын арттыруға қосылған мол үлес болды. Келтірілген зерттеу жұмыстарында бастауыш мектептердің, олар үшін мұғалімдер даярлаудың, әдістемелік ой-пікірлердің дамуы, болашақ мұғалімдердің инновациялық технологияларды, халықтық педагогиканы қолдануға дайындығы, ақпараттандыру, бағалау құзыреттілігін қалыптастыру. Бастауыш сынып мұғалімінің технологиялық даярлығының жеткіліксіздігі.

Диссертацияның мақсаты мен міндеттері.

Зерттеудің мақсаты: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық даярлығы мазмұнын жобалауды педагогикалық тұрғыда негіздеу және оны жүзеге асырудың әдістемесін жасау.

Зерттеу міндеттері: 1) Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық даярлығын жобалаудың зерттелу деңгейін анықтау; 2) Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық даярлығын жобалаудың психологиялық-педагогикалық аспектілерін айқындау; 3) Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық даярлығы мазмұнын жобалаудың педагогикалық шарттарын анықтау; 4) Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық даярлығын жобалаудың дидактикалық негіздемесін тәжірибелік-педагогикалық жұмыста тексерістен өткізу және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау.

Ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық даярлығын жобалаудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері айқындалды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық даярлығы мазмұнын жобалаудың педагогикалық шарттары анықталды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық даярлығын жобалаудың дидактикалық негіздемесі тәжірибелік-педагогикалық жұмыста тексерістен өткізілді және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеудің нәтижелері 5В010200 - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқыту технологияларын зерделеу үдерісінде қолдануға болады. «Педагогикалық тапсырмалар» тақырыбында оқу-әдістемелік құрал ұсынылады. Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі зерттеудің объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттеріне сәйкес кешенді әдістерді қолданумен, таңдалған әдіснамалық тұғырды негіздеумен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нысаны: жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау жүйесі.

Зерттеу пәні: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық даярлығы мазмұнын жобалау үдерісі.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері жүйелілік (Б.Г.Ананьев, А.Байтұрсынов, Н.Д.Хмель және т.б.); тұлғалық  (В.В.Сериков, В.А.Сластенин және т.б.); әрекеттік (Н.В.Кузьмина, Т.Г.Браже, Л.Ф.Спирин және т.б.); мәдениетнамалық (Е.В.Бондаревская, И.Ф.Исаев және т.б.); ақпараттық (Т.О.Балықбаев, Д.М.Джусубалиева және т.б.) тұрғыдағы әдіснамалық тұғырлармен, педагогикалық құзыреттілік (Дж. Равен, И.А.Зимняя және т.б.);  инновациялық (Н.Р.Юсуфбекова, Ш.Т.Таубаева және т.б.), педагогикалық үдерісті басқару (Ю.К.Бабанский, Н.Д.Хмель және т.б.), пәндердің интеграциясы (А.А.Бейсенбаева, М.Ә.Мұханбетжанова және т.б.), технологиялық даярлық және мәдениет (Қ.Қабдықайырұлы, Г.Максимова, т.б.) теорияларымен, адамның танымдық іс-әрекетінің мәні туралы іргелі философиялық қағидалармен технологиялық негіздері туралы тұжырымдамалар және идеялармен анықталады.

     Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі. Диссертация кіріспеден, екі тарау мен тараушалардан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен қорытындылары Отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда  19 ғылыми еңбегі жарыққа шықты. Оның ішінде 3 мақала Халықаралық ғылыми-практикалық  конференцияларында, 2 мақала шетел ғылыми басылымдарында 1 мақала Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарында,  6 мақала  ҚР БжҒМ білім саласындағы бақылау комитетінің басылымдарында, 1 оқу-әдістемелік  құрал,  1 мақала Scopus компаниясының деректер базасына және 2 мақала Томсон Рейтер базасына кіретін Импакт факторлы журналдарында жарық көрді. Ғылыми жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Жалпы педагогика және этнопедагогика»  кафедра мәжілісінің талқылауынан  өтті. (17 маусым № 1 кафедрасының кеңейтілген ғылыми семинарының  хаттамасы 2013).

 

Аннотациялар

 

Диссертация

 

 



265

Вернуться назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler