қазақша · русский · english
   
  Главная / Новости
03.05.2011

АКАДЕМИК Т.САДЫКОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМЫ

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және университет колледжінің 10 жылдығына орай академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.С. Садықовтың өмірі мен қоғамдық қызметін, ғылым-білімнің дамуындағы ролін зерттеуге арналған «АКАДЕМИК Т.С. САДЫҚОВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН БІЛІМІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ АТҚАРҒАН РОЛІ» деген тақырыпта қалалық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.

Конференцияны ұйымдастырудағы басты мақсат университет пен колледждің арасындағы үзіліссіз оқу жүйесін орнықтырған академик Т.С.Садықовтың ғылымдағы және білім беру ісіндегі еңбегін, Қазақстандағы гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелерін, білім беру технологиясын сөз ете отырып, Абай атындағы ҚазҰПУ колледжін насихаттау, колледж оқытушыларының біліктілігін қаланың білім беру мекемелеріне әйгілеу болатын.

Конференцияның пленарлық отырысында баяндама жасаған Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Е. Абылқасымова академик Т.С. Садықовтың тәуелсіз Қазақстанның педагогика ғылымының негізін қалыптастырудағы ролін атап көрсетсе, академик Т.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының професоры, тарих ғылымдарының докторы Ә.Құдайбергенов академик Т.Садықовтың Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беру жүйесін дамытудағы роліне тоқталды. Ал Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Психология-педагогика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.Шаханова «Академик Т.Садықовтың ұстаздық келбеті», әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Құнапина «Мұғалімнің кәсіби қабілетін дамыту ерекшеліктері мен проблемалары» және академик Т.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Н.Шаяхметов «Академик Т.С. Садықовтың қызметіндегі білім мен ғылым интеграциясы» деген тақырыптарда баяндама жасады.

Бұдан кейін конференцияға қатысушылар секциялар бойынша жұмыс істеді. Оларда: Қазақстандағы гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері және білім беру ұйымдарында тарих пәнін оқытудың білім беру технологиясы және инновациялық әдістері, педагог, тарихшы, ғалым, қоғам қайраткері, академик Т.Садықовтың өмірі мен шығармашылығы талқыланды.

Конференцияда бұл шараны алдағы уақытта республика деңгейіне шығарып, әсіресе, орта мектептерде де ұйымдастыру мәселесі көтерілді. Осы іс-шара барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің колледжіне осы лицей колледждің құрылуы мен қалыптасуына зор еңбек сіңірген академик Т.С. Садықовтың есімін берсек деген де ұсыныстар айтылды.

Конференция жұмысына «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары М.Б. Бейдали қатысты.

 



653

Вернуться назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler