қазақша · русский · english
   

 

2011 ж. 31 тамызында Абай атындағы ҚазҰПУ Ректоры С.Ж. Пралиев мырзаның № 12.01.09/580 бұйрығымен тарих факультетінің Ғылыми-білім берушілік толеранттылық орталығы қалыптасты.
2014 ж. қараша айында Инновациялық технологиялар мен толеранттылық білім беру орталығы тарихты оқыту әдістемесі кафедрасына өзгертілді. 2015 ж. қыркүйегінде тарихты оқыту әдістемесі кафедрасы тарихты және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасына өзгертілді.
Тарихты және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы тарихи пәндерді оқыту әдістемесін дамыту, инновациялық технологияларды және әдістемелерді білім беру үрдісіне енгізу мәселелерімен айналысады. Тарих ғылымы жаңа, әлеуметтік және жеке маңызы бар білімді үйлестіретін институт ретінде осы білімді қоғамға тасымалдаудың формасы мен технологиясын өңдеуге шақырылған, яғни оның алдына тарихи білім мәселелері қойылады. Тарихи білім беруді білім алушылардың құндылықты бағдарларын, олардың ұлттық-мемлекеттік және жеке тұлғалық қасиетерін қалыптастыратын семантикалық білім ретінде ұсыну керек. Қазақстанның қазіргі заманғы тарих ғылымының алдына маңызды міндет орнатылады: қазақ халқының тарихын жаңа теориялық-әдістемелік қағидалардан қайта құру, оның барысында әлемдік тарихнаманың тәжірибесін, тарих пәндерін оқытудың әдістемесін ескеру, мемлекеттегі азаматтардың санасы мен әрекеттерінде орын алатын өзгерістердің логикасын ескеру міндеті. Уақыт пен қоғам ғалым тарихшылардан Қазақстан аймағындағы тарихи үрдістерді зерттеудегі кешенді әдісті талап етеді, тарихи зерттеулерге қарағанда пәнаралық сипаттағы зерттеулер де қажет етіледі.
Тарихты және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының негізгі ғылыми бағыттары:
1. Тарих пәндерін оқытудың әдістемесін дамыту.
2. Тарих пәндерін оқытудың әдістемесі кафедрасының негізгі мақсаты студенттерге (бакалавр, магистранттар және докторанттар) тарих пен қоғамдық білімді оқыту әдістерін, сонымен қатар білім берудің әлеуметтік және гуманитарлық мәселелері саласындағы зерттеушінің дағдыларын дамытуға, осы дағдыларды мектептегі педагогикалық жұмыста және білімді басқару саласында тәжірибелік пайдалануға деген тәжірибелік қызығушылықты арттыру мүмкіндіктерінің кең ортасын ұсыну, білім жүйесінде қазіргі заманда өткізіліп жатқан реформалар мен өзгерістердің тоғысында тарихи-қоғамтанушылық дамытудың жаңа әдістері мен формаларын іздестіру. Қалыптастырылған мақсат кафедра жұмысының негізгі мақсаттарын айқындайды: білім берушілік, зерттеушілік, ұйымдастырушылық.
3. Толеранттылық пен этномәдени құзыреттілікті қалыптастыру, сонымен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерінің арасындағы мәдениетаралық өзара түсіністік пен өзара әрекеттестікті дамыту, Абай атындағы ҚазҰПУ барлық факультеттеріндегі оқу үрдісіне «Толеранттылық негізі» пәнін енгізу.
4. Қазақстан қоғамындағы тарих пен толеранттылықты оқыту әдістемесін дамытудың жағдайын ғылыми бақылау және талдау.
5. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы білім беру кеңістігіндегі толеранттылықты насихаттау мен дамыту үшін тарихи, философиялық, әлеуметтік - саяси, этномәдени, этнопедагогикалық және этнопсихологиялық негіздемелерді ғылыми зерттеу.
6. Жетекші отандық және шетелдік ғалымдарды, сарапшылар мен аналитиктерді тартумен дөңгелек үстелдер, ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-теориялық конференциялар, семинарлар, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға, оқытушыларға арналған толеранттылық пен тарихи пәндерді оқыту әдістемесі мәселелері бойынша ғылыми курстар ұйымдастыру.
7. Толеранттылықты зерттеу мәселелері бойынша мемлекеттік құрылымдармен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен, ғылыми және аналитикалық орталықтармен өзара әрекеттесу.
8. Толеранттылық мәселесін жариялау бойынша ғылыми мақалалар, ғылыми еңбектер шығару.
9. Толеранттық сана қағидаларын қалыптастыру бойынша жобаларды іске асыратын педагогтардың ғылыми қызметін тұрақты әдістемелік жетектеу жүйесін қалыптастыру.
10. Жоғары оқу орны ішіндегі, оқу орындары арасындағы және сектор аралық өзара әрекетттесу шеңберіндегі ғылыми-білім берушілік жобаларға қатысу.
11. Қазақстан Республикасындағы, жақын және алыс шетелдегі толеранттылық мәселесінің жағдайын талдау.
12. Білім беру үрдісіне инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу.
13. Ғылыми тақырыптармен айналысатын білім беру орталықтарымен тарихи және гуманитарлық пәндердің шеңберінде инновациялық технологияларды пайдаланумен тарихты оқыту әдістемесі бойынша ғылыми ақпарат алмасу.
Тарихты және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы ғылыми - зерттеу саласында өз алдына келесі міндеттерді қояды:
1. Тарихты оқыту әдістері мен тәсілдерін дамыту
2. Тарих оқытушысының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру
3. Тарихи пәндерді оқыту әдістемесін дамытудың жағдайын бақылау жәнес сапалы ғылыми талдауды өткізу.
4. Тұрақты негізде жетекші отандық және шетелдік ғалымдарды, сарапшылар мен аналитиктерді тартумен дөңгелек үстелдер, ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-теориялық конференциялар, семинарлар, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға, оқытушыларға арналған толеранттылық пен тарихи пәндерді оқыту әдістемесі мәселелері бойынша ғылыми курстар ұйымдастыру.
5. Абай атындағы ҚазҰПУ барлық факультеттеріндегі оқу үрдісіне «Толеранттылық негізі» пәнін енгізу арқылы Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерінің толеранттылық қағидаларын қалыптастыру.
6. Тарихи, философиялық, әлеуметтік - саяси, этномәдени, этнопедагогикалық және этнопсихологиялық негіздемелерді жан-жақты кешенді ғылыми зерттеу арқылы Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы білім беру кеңістігіндегі толеранттылықты насихаттау мен дамыту бойынша ғылыми нұсқаулар ұсыну.
7. Мемлекетттік құрылымдармен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен, толеранттылықты зерттеу мәселелері бойынша ғылыми және талдау орталықтарымен жан-жақты өзара іс-әрекеттерді жүзеге асыру.
8. Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы оқытушылары тұрақты түрде тарих пәндері мен толерантылықты оқыту әдістемесінің мәселелерін жариялау бойынша мақалаларды, ғылыми еңбектерді жарыққа шығару, БАҚ-та сұқбат беру.
9. Әдістемелік семинарларды жүргізу және тәлім алушы жастар арасында толеранттық сана қалыптастыруға бағытталған жобаларды құру мен оларды іске асыру сұрақтары бойынша мектеп, колледждер және ЖОО педагогтарының әдістемелік қызметтерін жүзеге асыру.
10. Оқыту үдерісінде инновациялық және ақпараттық-талдау технологияларын қолдану.
11. СҒЗЖ бөлімдерін орындауға студенттерді тарту.
12. Тарихи пәндерді оқыту әдістемесіне инновацияны ендіру мәселелерімен айналысатын ғылыми орталықтармен ғылыми байланыстарды орнату.

2011- 2012 жж. орталық директоры Нұрманбетқызы Ж. және аға оқытушы, т.ғ.к. Жусанбаева Г.М. басшылығымен, осы оқытушылармен Абай атындағы ҚазҰПУ Ректор Грантын жүзеге асыру бойынша «Қазақстан Республикасының полиэтникалық қоғамында студенттердің толеранттылығын инновациялық әдістер арқылы қалыптастыру жолдары» атты тақырыпта жұмыс жүргізілді.
22.09.2011ж. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау аясында Толерантылықтың ғылыми-оқыту орталығы «Мәдениет Қазақстан Республикасында полиэтникалық қоғам дамуының шарты ретінде» атты тақырыбында «дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің жұмысы қазақстандық БАҚ, теле және радио арналарда кеңінен жарияланды, атап айтсақ, «Алмат Ақшамы» газеті №112(4514) 24 қыркүйек, сенбі 2011ж., «Қазақстандағы толеранттылық қай деңгейде» атты мақаланы (автор Думан Анаш) жарыққа шығарды, мақалада аталмыш дөңгелек үстелдің жұмысы толық жарияланып, ондағы қатысушылардың сөздері мен пікірлері берілді. Абай атындағы ҚазҰПУ «Абай университеті» газеті 2011 жылдың қазан айы, №8 (106) бірінші және екінші беттерінде « Төзімділік - қазақтың қанында бар....» атты материалды жариялайды, бұл мақаланың автор Елдар Болат, жоғары да аталған дөңгелек үстелдің жұмысын толық баяндайды.
28.10.2011 ж. Абай атындағы ҚазҰПУ тарих факультетінің толеранттылықтың ғылыми-оқыту орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрманбетқызы Ж. «Хабар» ақпараттық агенттігіне берген сұқбатында Абай атындағы ҚазҰПУ тарих факультетінің толеранттылықтың ғылыми-оқыту орталығының қызметі мен қазақстандық қоғамдағы толеранттылық идеяларының насихат жұмыстары жайында баяндап берді.
Осы күні тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Жусанбаева Г.М., тарих факультетінің, қазақ бөлімінің 4 курс студенттеріне интерактивті тақтаны пайдалана отыра, «Қазақстан Республикасындағы толеранттылық» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді, бұл іс-шара да өз кезегінде «Хабар» агенттігінің ақпараттық сюжетінде жарияланды.
7.12.2011ж. Толеранттылықтың ғылыми-оқыту орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Толеранттылық Қазақстар Республикасында ұлтаралық және конфессияаралық келісім негізі ретінде» дөңгелек үстел ұйымдастырды, аталмыш дөңгелек үстел аясында «Біз тәуелсіздік құрдастары!» атты студенттік секция отырысы өтті, аталмыш дөңгелек үстел «Хабар» агенттігінің ақпараттық сюжетінде жарияланды.
4.10.12- 8.10.12 жж. тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Г.М. Жусанбаева Санкт-Петербург қаласында «Ресей және әлемде либералды білім берудің перспективалары мен міндеттері» атты халықаралық конференцияға қатысып, онда баяндама оқыды.
2012 жылдың 29 қарашасы саясаттану ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Даулбаев Т.Ф. Астана қаласы, Назарбаев университетінде өткен «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Бірінші Назарбаев оқулары» Халықаралық форумында «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың толеранттылықтың қазақстандық үлгісі және оны жүзеге асырудағы жастардың рөлі атты» стендтік баяндама жасады.
Тарихты оқыту әдістемесі және қоғамдық пәндер кафедрасы 2012- 2016 оқу жылы барысында келесі ғылыми іс-шараларды өткізді:
1. «Қазақстан тарихынан замануи оқулықтар дайындау-тарихи білім берудің көкейкесті мәселесі» атты тақырыпта дәріс 4 қазан 2012 жыл.
2. «Ұстаздың - ұлы келбеті» атты тақырыпта пікірсайыс.
3. «Қазақстан Республикасы Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылдың 24 желтоқсанында өткен Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан -2050» Стратегиясы - жаңа саяси бағыт» атты тақырыпта дөңгелек үстел.
4. «Қазақстан Республикасы Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылдың 24 желтоқсанында өткен Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан -2050» Стратегиясы - жаңа саяси бағыт» атты тақырыпта дөңгелек үстел 5.Көпмәдени және көпконфессиялық мегаполис жағдайында толеранттылық сананы тәрбиелеу» тақырабында әдістемелік семинар 26 желтоқсан 2012 жыл.
6. академик Т.С. Садыков атындағы Қазақстан тарихы кафедрасымен бірлесе отыра, «Қазақстан тарихы: қазіргі заман зерттеулері және оқытудың өзекті мәселелері» атты тақырыпта «Қасымбаев оқулары» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, Алматы 25 желтоқсан 2012,
7. «Білім беру үдерісі барысында толеранттылықты қалыптастыру: мәселелер мен перспективалар» атты тақырыпта Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 21 қаңтар 2013 жыл.
8. Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасымен бірлесе отыра, «Мәдениаралық сұқбат және этносаралық толеранттылық» тақырыбында дөңгелек үстел. 27 ақпан 2013 жыл.
9. «Білім берудің этникалық және конфессияаралық толеранттылық қалыптастырудағы рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстел. 19 сәуір 2013 жыл. Аталмыш дөңгелек үстелдің жұмыс барысы «Қазақстан» телеарнасы сюжетінде жарыққа шықты.
10. «Білім берудегі инновациялық үдерістер: ізденіс және даму бағыттары» атты оқу- әдістемелік семинар 14 мамыр 2013 жыл.