қазақша · русский · english
 
 
 
Инновациялық технологиялар лаборатоиясы
 Лысенко Виктор Степанович
Инновациялық технология зертханасының меңгерушісі
Техника ғылымдарының кандидаты
Алматы қаласы, Төле би көш. 86
 р.т. +7(727)2726818, моб. +7 777 3625910
vikstel.777@mail.ru

 

ЗЕРТХАНА ТУРАЛЫ

 

Инновациялық технология зертханасы 2009 жылдың аяғында құрылды. Инновациялық технология зертханасы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы қолданбалы физика және математика ғылыми - зерттеу институтының ғылыми құрылымдық бөлімі болып табылады және өз алдына энергияның жаңғырмалы көздерін пайдаланудың, энергияны үнемдеудің және энергияның баламалы көздерінің түйінді фундаментальды және қолданбалы мәселелерін шешу мақсатын қояды. Ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және өңдемелерді коммерциализациялауды іске асырады.

 

 

 

 

 Қолданбалы физики және математика институты жанындағы инновациялық технология зертханасының  құрылымы

р/с

Қызметі

 

Аты-жөні

Байланыс

1

Заведующий  лабораторий

Лысенко Виктор Степанович

р.т. +7(727)2726818,

моб. +7 777 3625910, 

E-mail: vikstel.777@mail.ru

2

Специалист высокого уровня

Сулейменов Биржан Токтарович

моб. +7 701 738 37 58  

E-mail:   Suleymenov62@mail.ru

3

Специалист высокого уровня

Рафиков Искандер Хайдарович

моб.  +7 777 203 36 73

 E-mail:  rafikov-55@mail.ru

 

 

 

Зерттеу нәтижелері: алыс және жақын шетелдердің ғылыми баспаларында шыққан мақалалар; конференцияларға қатысу.

Зертхана ашылғаннан бері зертхана қызметкерлері  Ресей, Украина, Чехия, Польша, Болгария, Біріккен Араб эмираты және басқа да шетелдерде өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып 13 мақала бастырды.

 

2012 жылы импакт-факторлы ғылыми журналдарға шыққан мақалалар:

 

  1. Лысенко В.С.  Пралиев С.Ж., Құлжабаев Б.Д. Инновационные разработки для микроэнергетики. "Современные наукоемкие технологии" журналы стр. 71-71 бб. Мәскеу №11. 2012.

      URL: www.rae.ru/snt/?section=content&op=show_article&article_id=10000329

  1. Лысенко В.С. Пралиев С.Ж., Құлжабаев Б.Д. Инновационная альтернативная энергетическая установка для преобразования возобновляемой энергии "Современные наукоемкие технологии" журналы стр. 71-72 бб. Мәскеу  №11 2012. URL: www.rae.ru/snt/?section=content&op=show_article&article_id=10000330

3.   Лысенко В.С. Пралиев С.Ж., Сүлейменов Б.Т., Баубеков С.Д. Анализ инерционного механизма. "Современные наукоемкие технологии" журналы 20-23 бб. Мәскеу №12 2012.

        URL: www.rae.ru/snt/?section=content&op=show_article&article_id=10000339

 

       4.  Лысенко В.С. Пралиев С.Ж., Сүлейменов Б.Т., Мунасипов С.Е. Кинетическая энергия вихревых образований и альтернативная энергетика. "Успехи современного естествознания" журналы Мәскеу №12 2012.

 

 

 

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

 

Инновациялық бағыт бойынша бірінші кезектегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар таңдап алынды:

  • Энергияның жаңғырмалы көздерін пайдалану үшін кешенді жүйелерді зерттеу және өңдеу (құбырлардағы суағарлар, өзен ағысының энергиясы, жел энергиясы, көлік құралы қозғалысының энергиясын рекуперациялау, күн энергиясы, тартылыс және басқалар);
  • Құйындық әсерді (құйынды сутурбиналары, роторлы-құйынды жылугенераторлары) қолдану негізінде энергияның балама көздерін зерттеу және өңдеу;
  • Судың табиғи ағысын зерттеу және ішуге жарамды судың қасиетін арттыруға және әртүрлі технологиялық қажеттіліктер, атап айтқанда суғару, жуу операциялары, техникалық тазалау үшін техникалық судың құрамын өзгертуге арналған жүйелерді өңдеу;
  • Энергетикалық құрылғылар мен көлік құралдарына арналған инерциялық беріліс механизмдерін зерттеу және өңдеу;
  • Тұрмыстық және өндірістік, соның ішінде жылыту жүйелерінің қажеттіліктері үшін энергия үнемдегіш резонанстық және трансгенераторлық жүйелерді зерттеу және өңдеу;
  • Қазақстанда нанотехологияны дамытуға қажетті құралдарды, соның ішінде аса жіңішке ұсақтағыш диірмендерді зерттеу мен өңдеу және композиттік материалдар саласында нанотехнологиялық зерттеулер жүргізу.

 

 

Инновациялық технология зертханасы 2012 жылы мына мәселелер бойынша жұмыстар жасады: суағарлар мен гидродинамикалық жүйелердегі (турбиналар, насостар және т.б.) гидравликалық шығынды азайту; құйындық әсерді теориялық зерттеу; табиғи құйындық құрылымдардағы (торнадо және смерч)  кинетикалық энергияның динамикасын талдау және құйындық эффектіні практикада қолдану; әртүрлі кинематикалық айналыстағы механизмдерде инерцияның ортадан тебу күштерінің таралу заңдылықтарын теориялық зерттеу; инерцияның ортадан тебу күштерін практикада қолдану және стендтік зертханалық зерттеулер. Сонымен қатар вертикаль осьтік айналыстағы желдвигательдерін жетілдіру саласында теориялық және эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Бұл үшін желдвигательдерінің макеттері дайындалды және олардың тиімділігін 15-25%-ға арттыруға мүмкіндік беретін жетілдіру концепциясы өңделді. Бұдан басқа индуктивтік электр кернеулеріндегі резонанстық құбылыстарды зерттеу жүргізілді. Индуктивсіз трансформатордың принципиалды схемасы және асинхронды электрдвигателі базасында тоқ генераторы өңделді.  

 2012 жылы қуаты 3 кВтқа дейінгі  микро ГЭСтің тәжірибелік үлгісі жасалынды және ол ЖШС«Сервис ТАУ СУ» суқұбырында сынақтан өтті.

2013 жылы қуаты 5 кВтқа дейінгі  микро ГЭСтің тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгісін жасауда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу, оны нақты суағарға ендіру, кешенді өндірістік және эксплатациялық сынақтан өткізу жоспарланған. 

Осының бәрі  өңдемелерді коммерциализациялауға мүмкіндік береді  және кешенді микро ГЭСті өндіріске енгізуге база құрады. Жобаларды коммерциялық іске асыру күрделі қаржыландыруды қажет етеді. Осы мақсатта зертхана БҒМ Ғылым комитеті, ұлттық инновациялық қор, сондай-ақ әкімдіктер ұйымдастыратын инновациялық жобалар конкурстарына белсенді түрде қатысып келеді.

 

БАЙЛАНЫС

Лысенко Виктор Степанович

 жұм.тел. +7(727)2726818,

моб. +7 777 3625910, 

E-mail: vikstel.777@mail.ru

Алматы қ-сы, Төле би көшесі 86

физматтың оқу ғимараты

 

14
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler