қазақша · русский · english
   
«Айтылған тарих» саласында маман даярлау және зерттеу орталығы

 

2012 жылдың қыркүйек айының 1-де Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Магистратура және PhD докторантура институтының Қазақстан тарихы мен мәдениеті кафедрасы жанынан  «Айтылған тарих» саласында маман даярлау және зерттеу орталығы ашылды. Орталық жобалық зерттеулер негізінде өткен тарихи оқиғалардың куәгерлерінің көзқарастары мен пікірлері негізінде жаңа тарихи фактілерді айқындауды, естеліктер қорын жинастырып, оны  келешек ұрпақ үшін сақтауды мақсат етеді. Сондай-ақ, орталық қызметкерлері жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүзеге асыру негізінде магистранттар мен докторанттарды ғылыми ізденіске тартуды, жас ізденушілердің қажетті  біліктіліктері мен дағдыларын дамыту арқылы «Айтылған тарих» саласында болашақ мамандарды даярлауды, айтылған тарихты ғылыми зерттеу пән ретінде дәріптеуді негізгі бағыт ретінде ұстанады.

        

«Айтылған тарих» саласында маман даярлау және зерттеу орталығы жүзеге асыратын жұмыстардың негізгі бағыттары:

  • интераью материалдарын видео және аудио таспаларға жазу және транскрибциялау;
  • ақпараттық қолдау көрсету;
  • маман даярлау;
  • ғылыми-зерттеу жобалар;
  • ауызша тарих материалдарына арналған мұрағаттық қор құру.