қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.11.2019

«Алматы, сәлем!» тақырыбындағы мини-видеолар байқауы

 

2019 жылдың 23 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Конфуция институты Алматы қаласының жоғары оқу орындарында қытай тілі кафедрасында оқитын студенттер арасында «Алматы, сәлем!» тақырыбында мини-видеолар байқауын өткізді.


Байқауға Алматының жеті университеттерінің студенттері қатысты. Абай атындағы ҚазҰПУ-дан 4-ші курс студенттері Сауле Тулешова мен Жалил Кушир қатысты. Сәуле Тулешова ұсынған видео (жетекшісі - магистр, аға оқытушы Әсел Алмабекова) үздік деп танылып,1-ші орынға ие болды. Джалил Кушир өз жұмысымен (жетекшісі - п.ғ.к., профессор Гүлия Алиханқызы) 2-ші орын алды.


Қатысушылар мен олардың жетекшілеріне жарыс ұйымдастырушыларының атынан сертификаттар мен кәдесыйлар тапсырылды.

 

   

 

   


Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы