қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі

 

Наурыз құтты болсын!

Әр жылда наурыз айында Абай атындағы ҚазҰПУ көктем мерекелеріне арналған мерекелік флэшмоб өтеді.
Оңтүстік Кореядан, Ираннан және Қытайдан келген студенттер Қазақстандық «Ұркер» тобының «Наурыз» әніне би биледі.
Флэшмобтың мақсаты студенттерді Қазақстандық патриотизм, толеранттылық, этника аралыс келісім рухының аясында ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге, «Мәнгілік Ел» идеясының аясында қоғамдық келісім мәдениетін нығайтуға тәрбиелеу.
Мерекелік көңіл-күй шаттық пен оң эмоцияларға толы болды. Флэшмобты Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ардагері, шетелдіктерге арналған филологиялық пәндер кафедрасының профессоры Брулева Флора Григорьевна «Шашу» мерекелік дәстүрімен аяқтады.
Мереке соңында кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы С.Б.Бегалиева салтанатты тұрде білім алушылар мен оқытушыларды Наурыз мерекесімен құттықтады.

 

 

КАФЕДРАНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

Кафедраның тәрбие жұмысы  университетің тәрбие басқармасының жоспарына сәйкес жүргізіледі. Шетелдіктерге арналған орыс филологиясы кафедрасы университетің студенттік профкомымен, жастар ісі бойынша комитетімен, ХҚУ-мен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Кафедраның барлық оқытушылары шетелдік студенттердің тәлімгерлері болып табылады. Кафедрадағы әр тәлімгердің жеке папкасы бар. Әр папкада студенттердің тізімі, оқу жылына арналған жоспары, өткізілген тәлімгерлік сағаттарының хаттамалары жинақталған.

Кафедра тәлімгерлері мен эдвайзерлері шетелдік студенттердің оқу үлгеріміне аса назар аударылады.  Сонымен қатар тәлімгерлер мен эдвайзерлер  оқуда үлгерімі нашар, тәртіп бұзушы студенттермен жеке жұмыс атқарады.

Топ эдвайзерлері  студенттерді кітапханаға апарып, катологпен жұмыс істеуге, оқу залында жұмыс істеуге үйретеді. Университетке алғаш келген шетелдік студенттерді эдвайзерлері Қазақстандағы тәртіппен таныстырып, сұқбат өткізеді. Сонымен қатар  топ эдвайзерлері бекітілген кесте бойынша жатақханаға кезекшілікке барады.

Дайындық топтардың студенттері дәстүрлі әр мерекеге байланысты қабырға газеттерін шығарады.

Топ эдвайзерлері  «Жаңа жыл», «Наурыз», «1 мамыр» сияқты мерекелерге байланысты ашық сағаттарын өткізеді, студенттермен бірге концерттік бағдарлама дайындайды.

Шетелдік студенттерді белсенділікке, тазалыққа баулу мақсатында «Үздік  аудитория», «Үздік студент» сияқты шараларды жиі өткізеді.

Университетің имидік саясатын қолдау мен халықаралық қатынастарды нығайту аясында 2012 жылдың қазан айында кафедра ұжымы Вьетнам тетедидар өкілдерімен кездесу  ұйымдастырды. Кафедра ұжымы өздерінің жоспарларымен бөлісіп, алдағы екіжақты табысты жұмыстың  мүмкіндіктерін қарастырды. Шетелдік студенттер өздерінің оқуы мен тұрмыстары туралы айтып берді.

Күз айларында топ эдвайзерлері студенттермен бірге Алматы қаласына саяхат жасады. Олар Медеу мұз айдынына, Бірінші Президент саябағына,  Алмалы сауда орталығына т.б жерлерге саяхат жасады.

2012 жылдың 6 желтоқсанында кафедра ұжымы студенттермен  бірге «Новогодняя ярмарка» атты тәрбиелік ісшара өткізді. Бұл ісшарада қазақ, корей, орыс, қытай халықтарының жаңа жылды қарсы алу дәстүрлері көрсетілді.

2013 жылдың 18 сәуірінде кафедра ұжымы ХҚУ бірге қазақ-қытай инновациялық орталығының салтанатты ашылуын ұйымдастырды. Бұл салтанатты кеште шетелдік студенттер орыс және қазақ тілдерінде өлең айтып, би биледі.

Кафедрада студенттердің  тәрбиелік ісшараларға қатысқанына арналып жасалынған стендтер мен қатар фотоальбомдар жинақталған. Сонымен қатар кафедрада студенттер мен түлектердің ойлары жазылған арнайы кітап бар.

 

8
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler