қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.10.2019

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысының нормаларын түсіндірді

 

2019 жылдың 15-22 қазаны аралығында «Мансап» орталығының қызметкерлері мемлекеттік білім гранты және ауылдық квота бойынша білім алған 2019/2020 оқу жылының түлектері үшін Үкіметтің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысын түсіндіру мақсатында бірқатар жиналыстар өткізді. Оқу деңгейіне байланысты әр институтта жиналыс кестеге сәйкес жеке-жеке өткізілді. Жиналысқа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Түлектер мемлекеттік білім беру грантына байланысты сұрақтар қойды.

 

   

 

   

 

  

 

«Мансап» орталығы