қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.10.2019

«Менің таңдауым-ҚазҰПУ» студент қатарына қабылдау


2019 жылдың 18 қазаны күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының концерттік залында университетіміздің 1 курс студенттеріне арналған «Менің таңдауым-ҚазҰПУ» студент қатарына қабылдау кеші болып өтті.


Шара аясында университет жанындағы студенттік клубтар мен үйірмелердің көрмесі, сонымен қатар 50 жылдық тарихы бар Өнер, мәдениет және спорт институтының қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.


Мерекелік салтанатты университет ректоры Такир Балықбаев ашып, студент жастарды мерекелерімен құттықтады. Одан әрі сөз кезегін алған шара қонақтары Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры, профессор Талғат Нұрғожин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық Кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев, «Ана тілі» газеті Бас редакторының орынбасары Дәуіржан Төлебаев жастарға жүрекжарды лебіздерін білдірдіп, университет ректорымен ҰБТ нәтижесі бойынша жоғары балға ие болған «Алтын белгі» иегерлеріне студенттік билет табыстады.


Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық Кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев университет жанынан құрылған «Sanaly Urpaq» клуб мешелеріне куәлік табыстады.


Ресми бөлімнен кейін мерекелік шара университетіміздің дарынды өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Концерттік бағдарлама барысында өнерпаз студенттеріміз ән айтып, би білеп көрермендерге тамаша көңіл күй сыйлады. Бағдарлама барысында әрбір институттың таныстырылымы болып, шетелдік білім алушылар мен «Бірлік» студенттік Ассамблеясының мүшелерінің өнерлері арқылы 1 курс студенттеріне өз құттықтауларын жеткізді.


Концерттік бағдарламаның соңында Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық оркестрінің орындауында Н. Тілендиевтің «Ата толғауы», «Махамбет» күйлері ойналып, Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор каппеласының орындауында Н. Тілендиевтың «Өз елім» әні шырқалды.


Мазмұнды да әсерлі өткен мерекелік шарадан көрермендер әсерлі сезімге бөленіп, ұйымдастырушыларға дән ризашылығын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие,әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты департаменті