қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
30.12.2015

 

ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ - ЖАҢА БАҚЫТ

 

2015 жылдың 26 желтоқсаны күні Тәрбие жұмысы, жастар саясаты, және мемлекеттік тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен студенттерге арналған «Қош келдің Жаңа жыл - 2016» атты мерекелік кеш өтті. Кеш барысында университетіміздің Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ж.Е.Ішпекбаев білім алушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жыл бойы университетіміздің қоғамдық-мәдени өміріне белсенді араласып, жастар саясатын дамыту ісінде жоғары азаматтық белсенділігі және шығармашылық қабілеттерімен ерекшеленген студенттерді университет ректоры «Мақтау қағазы» және «Алғыс хатымен» мараппаттады. Сонымен қатар жыл бойы білімі мен шығармашылық қабілетін ұштастыра білген  жыл үздіктері дипломдар мен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Атап айтқанда:

БАҒДАТ «Жыл  СТУДЕНТ» дипломымен филология институтының 3 курс студенті ЕЛМАНОВА БАҒДАТ;  «ҮЗДІК СПОРТШЫ» дипломымен Өнер, мәдениет және спорт институтының  студенті ЖАРЫЛҚАСЫН НАЗЕРКЕ; «ҮЗДІК КТК ОЙЫНШЫСЫ» дипломымен Филология институтының 3 курс студенті ПЕРНЕБАЕВ АЛМАТ; «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАТАҚХАНА КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ» дипломымен    Педагогика және психология институтының 3 курс студенті  АБЗАЛОВА АҚЕРЕКЕ;   «ЖЫЛ ӘНШІСІ» дипломымен     Өнер, мәдениет және спорт институтының  студенті СТАН АРАТ; «ЖЫЛ ЖҮРГІЗУШІ» дипломымен филология институтының Сорбонна-Қазақстан институтының 1 курс студенті САЯҚБАЙ АҚСАУЛЕ; «ЖЫЛ АКТЕРІ» дипломымен Өнер, мәдениет және спорт институтының  2 студенті БОТАТАЕВ НҰРБЕК; «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БИ ЖҰБЫ»  дипломымен ТОҚАЕВ НҰРҚАНАТ пен АБДРАИМОВА САБИНА; «ЖЫЛ ӨНЕРПАЗДАР» дипломымен Өнер, мәдениет және спорт институтының  «ЖЕТІ САЗ» аспаптық ансамблі; «ЖЫЛ ЕРІКТІСІ» дипломымен Жаратылыстану және география институтының 4 курс студенті  МЕҢІЛБАЕВА ЖАНСАЯ;  «ЕҢ КӨҢІЛДІ ӨНЕРПАЗ»  дипломымен Педагогика және психология институтының 1 курс студенті ДИЛЕК ГАМЗЕ марапатталды.

Мерекелік шараның басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар жастарды Жаңа жылмен құттықтап, түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырды. Шара студенттермен әзірленген театрландырылған қойылымға жалғасып, халықтар бірлігін насихаттайтын түрлі ұлт өкілдерінің  өнері мен би кешіне ұласты. 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler