қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
23.10.2015

2015 жылдың 23 қазаны күні Жастар арасында діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мақсатында Республикалық ақпараттық-насихат мүшелерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері жөніндегі комитет төрағасы Шойкин Ғалым Нұрмағанбетұлы, Дін істері комитеті Діни сараптама басқармасының басшысы Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы, «Қазақстан жастары конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Сәбитов Айдын Маратұлы, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қауымбаев Шегебек Жолдасбекұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорының режимі бойынша көмекшісі Айтуреев Нурали Аманкелдіұлы және "Білім" білім беру және мәдени орталығының директоры Иржанов Руслан Самарханұлы, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Жанатбек Ешенкожаұлы Ішпекбаев, тәртіп бойынша көмекшісі Айтуреев Нурали Аманкелдіұлы және университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Шара барысында Тәрбие ісі жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев радикалды ағымдардың жұмысына тыйым салу, ақпараттық-идеологиялық жұмыстарды күшейту, жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында университетте атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет берді. Ол сөзінде университетте бес жылдан бері дінтанушы, педагог, психолог ғалымдар құрамынан лекторлық топ құрылып, аталмыш топпен жыл бойы дәрістер циклы оқытылатындығын, жыл сайын «Экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу және діни сауаттылықты жетілдіру» онкүндігі ұйымдастырылатындығын, «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес және ұлтаралық келісім мен толеренттық тәрбие жөніндегі» іс-шаралар жоспары әзірленіп соған сәйкес ауқымды жұмыстар жүргізілетіндігін атап кетті. 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler