қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
29.10.2015

2015 жылдың 26-28 қазан күндері аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасының кітапханасы басшылығының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен «Әлемді өзгертетін идеялар» атты екі күндік семинар-тренингке университетіміздің ректоры Серік Жайлауұлы Пірәлиев мырзаның тікелей қолдауымен тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы бастаған 20 белсенді студенті қатысуға мүмкіндік алды.
Елбасы кітапханасының ұйымдастырылған бұл білім беру жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың концептуалдық идеялары мен жаһандық бастамаларын және бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын оқытуға бағдарланған. Екі күндік семинар-тренигте еліміздің атақты ғалымдары мен ғылым докторлары дәріс оқып, практикалық сабақтар Кітапхананың экспозициялық көрме залында орналасқан интерактивтік үстелдерде жүргізілді.
Семинардың алғашқы күнен бастап университетіміздің студенттері жоғары белсенділігімен ерекшеленді. Екі күнге созылған семинар-трениг барысында жастарымызы «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының басым бағыттары бойынша терең мағлұмат алып, сертификаттармен мараптталды.




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler