қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
22.11.2019

Студенттер үшін салауатты өмір салты бойынша дәрістер сериясы өткізілді

 

Жастар жылы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жатақханаларында Алматы қаласы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы дәрігер мамандарының қатысуымен дәрістер циклі өтті. Дәрісті ұйымдастырудағы негізгі мақсат - студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, дене тәрбиесімен айналысуға, жұқпалы аурулардың алдын алуға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен алкогольді пайдаланбауға, жағымсыз факторлерден қорғануға, тұлға рентінде қалыптасуына ықпал ету.

 

№1, 2, 3, 8 және 5 жатақханаларда өткізілген дәрістер циклі келесі тақырыптарды қамтыды: «Төтенше жағдайлардағы алғашқы медициналық жәрдем», «Есірткі, алкоголь, темекі сынды зиянды әдеттердің алдын алу», «Стресске төзімділік, психикалық хал ахуалды жақсарту», «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Интернетке тәуелділіктің адам денсулығына зияны».

 

Дәріске 300-ге жуық білім алушылар қатысты. Дәрістер тақырыбын ашу барсында бейнероликтер, презентациялар, тренингтер қолданылды. Дәріс соңы лектор мен білім алушылар арасындағы сұрақ-жауаппен аяқталды.

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler