қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
04.11.2019

«Денсаулық күні-2019» спартакиадасы


Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, университет ұжымының бірлігін нығайту мақсатында 2019 жылдың 26 қазаны күні университет профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар арасында «Денсаулық күні-2019» спартакиадасы өтті.


Спорттық шараға университетіміздің 8 институты мен 1 факультетінен 8 команда жасақталып, барлығы 400-ге жуық ПОҚ мен білім алушылар қатысты.


Жарыс кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, арқан тарту, гір тасын көтеру, қол күресі және жеңіл атлетика сияқты ойын түрлері бойынша өткізіліп, жеңімпаздар анықталды.


Шара барысында университет ректоры Такир Балықбаев белсенділік танытқан студенттер мен қызметкерлерге, профессор-оқытушылар құрамына, ұйымдастыру комитетіне алғысын білдірді.


Жарыс қорытындысы бойынша 58 ұпаймен Педагогика және психология институты ІІІ орынға ие болса, 75 ұпаймен тарих және құқық институты ІІ орынды, 79 ұпаймен үздік ойын көрсеткен Математика, физика және информатика институтының командасы І орынды жеңіп алып, айналмалы кубокты ұтып алды.


І орын иегерлері - 100 000 теңге , ІІ- орын - 70 000 теңге, ІІІ орын - 50 000 тенге қаржылай сыйақымен және универспитет ректорының дипломымен марапатталды. Сонымен қатар, спорттық жарыстарға белсенді қытысып, үздік ойын көрсеткен «Үздік ойыншылар» - 10 000 тенге қаржылай сыйақымен және университет ректорының алғыс хатымен марапатталды.


Сонымен қатар, спорттық шара аясында көрермендер арасында «Үздік институттық флешмоб», «Спартакиада дауысы» сынды жанкүйерлер сайысы ұйымдастырылып, сайыс жеңімпаздары университетіміздің Студенттік кәсіподақ ұйымының атынан ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler