қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
30.06.2014

Тәрбие жетекшілеріне арналған мастер-кластар мен семинар-тренингтер
2014 жылдың 13 - 20 наурызы күндері аралығында Университеттегі Тәрбие жетекшілігі жүйесінің жұмысын жандандыру, тәрбие жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен тәрбие жетекшілеріне арналған мастер-кластар мен семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Аталмыш мастер-кластарды Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы бастығының орынбасары, педагогика ғылымадырының магистрі Қ.А. Бекбенбетова, Жалпы педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.М. Баймолдаев пен аға оқытушы, педагогика ғылымдарының докторы, доцент м.а. Г.С. Саудабаева, Психология ҒЗИ-ның ғылыми қызметкері, психология ғылымдарының кандидаты З.Ш.Қарақұлова, «Абайтану» ҒЗО ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доценті М. Әліпхан, Жалпы педагогика және психология кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Ж.А. Әбішева, «Алдын алу суицидологияның ғылыми-техникалық» зертханасының меңгерушісі Р.Б. Каримова, Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану кафедрасының профессоры Г.К. Шолпанқұлова, Анатомия, физиология, гигиена және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі, профессор Ш.А. Балғынбеков, «Абайтану» ҒЗО директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ж.А. Шойынбет жүргізді.

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler