қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
30.06.2014

«Арулар - әрбір үйдің шаңырағы...» атты мерекелік іс-шара
2014 жылдың 6 наурызында шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі Халықаралық әйелдер күніне орай «Арулар - әрбір үйдің шаңырағы...» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік концерт салтанатты түрде әйелдердің қоғамдағы айрықша орнын, отбасындағы маңызын және барлық салалардағы белсенді қызметін жан-жақты айғақтайтын тақырыптарды арқау еткен мағыналы мәнімен ерекшеленді. Көктемнің алғашқы мейрамымен аяулы аналар мен қыз-келіншектерді Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, академик С.Ж. Пірәлиев құттықтап, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне үлес қосып жүрген профессор-оқытушы мен қызметкер нәзік жандылар қауымын марапаттады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шара барысы концерттік бағдарламамен жалғасты. Сахна төріне шыққан қазақ эстрада жұлдыздары Бақтияр Тайлақбаев, Жұбаныш Жексенұлы, Асқар Жүнісбеков, опера әншісі Есіл Ешенғазин жиналған жұртты әуезді әндерімен тамсандырса, университеттің өнерпаз студенттерінен құрылған «Кәусар» тобы, «Сағыныш пен Кристина» дуэті де өз өнерлерін көресетіп, көпшілік көңілінен қолдау таба білді.

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler